Амал дәптерлерінің таратылуы

Амал дәптерлерінің таратылуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Махшар алаңына жиылған адамдарға осы дүниеде жасаған амалдарын тіркеген, жазған амал дәптерлері таратылады. Адамдар осы дәптер арқылы Аллаға есеп береді. Амал дәптердің қандай болатындығы бізге беймәлім. Яғни, ол біз білетін дәптер ұғымын бермейді. Пенденің жақсылы‑жаманды барлық амал‑әрекеттері екі иығындағы ардақты екі періште оның амал дәптеріне жазады.

Құранда мұны былай деп келтіреді: «Әр адамның қылығын мойнына саламыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі. Кітабыңды оқы, есеп көру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің (делінеді)» (17.Исра, 13-14) «Амал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәһарлардың, одан қорыққанын көресің. Олар: Ойпырм-ай! Бізге нендей өкініш! Мына Кітапта кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ түгендепті, - дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік етпейді» (18.Кәһф – 49). Амал дәптері жәннәттықтарға оң жағынан, тозақтықтарға сол жағынан беріледі. Амал дәптері оңынан берілгендерге - Құранда «асхабы ямин», сол жағынан берілгендерге - «асхабы шимал» делінеді.

Құранда бұл жөнінде төмендегідей жайттар баян етілген: «Әй, адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң, сонда Оған жолығасың. Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе, сонда ол дереу жеңіл есеппен есептеледі. Ол үй-ішіне қуанып қайтады. Ал кімнің дәптері арт жағынан берілсе, дереу өлім шақырады. Қайнаған тозаққа түседі. Өйткені ол өз үйінде мәз-мейрам еді. Негізінен ол Аллаға қайтпаймын деп ойлайды. Олай емес. Расында Раббы оны бақылауда еді» (84.Иншиқақ, 6-15).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: