Намаз оқу кімдерге қиын?

Намаз оқу кімдерге қиын?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман болуды қалаған басқа діндегі адамдар «Мұсылман болар едік, бірақ күнде бес уақыт намаз оқу, жылда бір рет ораза тұтып аш жүру және тағы басқа да әмірлерді орындау бізге қиын болғандықтан мұсылман болмаймыз» деп айтады. Ғибадат ету не үшін қиын сияқты болып көрінеді? Мұсылманға ғибадаттар қиын болып көрінбейді. Мұсылман болса мұндай сөздерді айтпайды. Имам Раббани хазреттері мәктубатында былай деген: Алла та’ала құлдарына істей алатын нәрселерін әмір еткен. Күші жетпейтін, қолынан келмейтін нәрсені әмір етпеген. Адамдарды әлсіз түрде жаратқаны үшін жеңілдік, оңайлық берген. Құран кәрімде: «Алла сендерге жеңіл, оңай түрде әмір етуді қалады, өйткені адам әлсіз түрде жаратылған» делінген. (Ниса 28)

Намаз оқу, ораза тұту оңай. Зекет үшін де мал-мүліктің барлығын емес, тек қырықтан бір бөлігін беру әмір етілген. Діннің басқа да әмірлеріне мұқият және ынсаппен қаралатын болса бұл жеңілдіктер көрінеді. Әйтсе де ғибадат ету қиын болып сезілетін адамдар да жоқ емес. Ғибадаттың қиын болып көрінуі Алла та’аланың дұшпаны болған нәпістен. Намаз оқу және басқа ғибадаттарды орындау тек мүминдерге ғана оңай келеді. Көңілі (жүрегі) қарайған адамдарға қиын болып көрінеді. Құран кәрімде былай делінген:

«Бұл дін (иман келтіріп ғибадат ету) мүшриктерге қиын болып көрінеді». (Шура 13)

«(Әр түрлі күнә жасаудан ұзақ болу, ораза тұту және басқа ғибадаттарды орындау үшін) сабыр етіп және намаз оқып, Алладан көмек сұраңдар. Сабыр және намаз тек Алладан қорыққан мүминдерден басқа адамдарға қиын болып көрінеді». (Бақара 45)

Намаз оқымау – имансыздықтан немесе иманның әлсіздігінен болады. Иманның қуатты болуының белгісі дініміздің әмірлеріне қуана және оңай мойынсұну. Денесі ауруға шалдыққан адамға кейбір істерді істеу қиын болатынындай, көңілі (жүрегі) және рухы ауру адамға да ғибадат ету қиын болады. (1/191, 289)

Көңілді (жүректі) тазалау үшін иман етіп, Алла та'аланың ниғметтеріне шүкір ету керек. Құран кәрімде былай делінген:

«Аллаға иман етіп, ниғметтеріне шүкір етсеңдер сендерді не үшін азаптайды?» (Ниса 147)

Аллаға шүкір ету – Оған иман келтіріп, әмірі мен тыйымдарына мойынсұну арқылы болады. (3/41)

Мұнафиқтың намазы

Мұнафиқ та намаз оқи ма? Мұнафиқ – мұсылман болып көрінетін кәпір деген сөз. Кәпір намаз оқымайды, бірақ намаз оқитындай болып көрінеді. Мұнафиқтар жайлы хадис шәрифтер:

«Мұнафиқтар Құранды үйренеді және Құранмен ғалымдарға қарсы күреседі». (Табарани)

«Мұнафиқтар екінті намазын ақшам намазына таяу оқиды». (Хаким)

«Мұнафиқтар мен біздің арамыздағы айырмашылық намаз болып табылады». (Хаким)

«Намаз оқу әшкере болды, қабыл етті (солай көрінді), Зекет жасырын болды, бермеді». (Бәззар)

«Мұнафиқ құптан және бамдат намазын тұрақты оқымайды». (Хаким)

«Біз бен мұнафиқтар арасындағы белгі, құптан және бамдат намаздарына келу. Мұнафиқтар әрқашан мұны істей алмайды». (Саид бин Мансур)

Ғибадаттың маңызы

Бес уақыт намазды оқу кейбір адамдарға не үшін қиын болып көрінеді? Намаз оқу не үшін маңызды? Бес уақыт намаз оқу көңілі (жүрегі) ауру болған адамдарға қиын болып көрінеді. Көп намаз оқу арқылы көңілде Аллаға деген махаббат пайда болады. Уақыт өтумен Аллаға деген махаббат көңілді (жүректі) толтырады. Бақыттардың ең үлкені көңілге (жүрекке) Аллаға деген махаббатты орналастыру. Хараммен, мәкрухпен, пайдасы жоқ нәрселермен айналысатын және өткінші болған дүние ниғметтеріне және ләззаттарына қауышуды ойлайтын адамдардың көңілдерінде (жүректерінде) Аллаға деген махаббат азаяды, уақыт өте мүлдем қалмайды. Адамды бұл пәлекеттен құтқаратын ең қуатты дәрі, намазды дұрыс оқу. Сондықтан Алла та’ала шексіз мейірімділігімен әр күні бір уақыт емес бес уақыт намаз оқуды әмір еткен. Алла та’аланың бұл әмірі адамдарды қинау үшін емес, оларды көңіл (жүрек) ауруынан құтқару үшін.

Әдеттенген бір ісін істемей тастап қойған жағдайда адамның сол істегі қабілеті азаятынындай, Алла та’аланы ойлау және Оған жасалатын шүкір азайған сайын Оған баратын жол да алыстайды. Ал әр күні бір қалыпты жасалған ғибадат Алла та’аланың дұрыс жолында тұрақты түрде ілгерілеу деген сөз.

Әрбір мұсылман Алла та’аланы көп еске алуы және көңіліне (жүрегіне) Аллаға деген махаббатты орналастыруы керек. Көңіл (жүрек) – Бәйтуллаһ, яғни Алланың үйі болып табылады. Бір үйге иесі кіргізілмесе үйге де, иесіне де дұшпандық етілген болады. Бес уақыт намаз бұл пәлекеттен құтқаруда. Дүние істеріне, дүниенің өткінші ләззаттарына беріліп, Алланы ұмытқан адамға, намаз Раббысын еске салуда.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: