Кәпірлермен бірге жерленген имам

Кәпірлермен бірге жерленген имам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Есте жоқ ескі заманда бір ауылдың имамы қайтыс болады. Ел оны соңғы сапарына шығарып салуға дайындалып жатқанда, сол кезде өмір сүрген бір пайғамбарға Аллаlан: “Имамды кәпірлермен бірге жерлеңдер, ол – мұсылман емес” – деген уахи келеді. Естіген ел есінен тана жаздайды: “Бұл қалай?! Имам кәпір болса, біздің жағдай қандай болғаны?” – деп қатты таң қалады. Әлбетте, Аллаyың айтқаны талқыланбайды. Имам кәпірлер қорымына қойылады.

Сонан соң имамның жақындары оның жесірінен сыр тартып, байқап көреді: “Бұл бейшара Аллаға қай жерден жазып қалды екен?” – дейді олар. Ал әйелі: “Қайдан білейін? Барлық парызды орындап-ақ жүруші еді ғой. Намазын да оқып, оразасын да тұтып, уағыз да айтатын. Бірақ, кейде үйде оңаша отырғанда: “Осы Құдай деген шынында бар ма екен әлде ойдан шығарылған болды ма екен?” – деп өзімен-өзі сөйлесіп қойып отырушы еді. Сонысынан жазып қалмаса, басқа еш әбес қылығын байқаған емес едім” – депті.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: