7 бөлім. Шектен шыққан соғыс

7 бөлім. Шектен шыққан соғыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед (ﷺ) жиырма жасқа келгенде  «шектен шыққан соғыс» басталып кетеді. Бұл соғыс кинанит пен оларға қосылып кеткен құрайыштар мен Қайс тайпасының арасында болған. Бұл соғыстың басталу себебі мынада еді - әл-Хирадағы[1] арабтардың патшасы ан-Ну'ман ибн әл-Мунзир жыл сайын Указдағы жәрмеңкеге сауда керуенін жіберетін. Оны қорғау үшін ол лайықты әрі мықты адамды таңдайтын. Бір күні  патша кинаниттерден шыққан, халық оны көптеген зұлымдықтары үшін қуып жіберген қанішер әл-Баррад ибн Қайс пен Уруа ар-Раххалдың қастарында отырады. Патша олардан:

—    Сендерден кім менің керуенімді Указға дейін қауіпсіз түрде жеткізе алады? – деп сұрайды.

Әл-Баррад:

-        Мен оны кинаниттерден қорғай аламын, - дейді.

Ан- Ну'ман қарсы сөз айтады:

-        Маған оны барлық адамдардан қорғай алатын адам қажет.

Уруа киліге кетіп былай айтады:

-       Саған бәлекет жоламасын![2] Қалайша мына қашқын төбет сенің тауарыңды сақтап қалмақ?! Мен сенің керуеніңді барлық жерден Неджден Тихамаға дейін жеткіземін.

Әл-Баррад: - Ал сен оны Кинанит тайпасы арқылы өткізе аласын ба, Уруа?

Уруа: - Мен оны барлық тайпалардан өткіземін! – деп жауап береді.

Әл-Баррад болса кегін ішіне сақтап, жасырын түрде керуенге ілеседі. Керуен жолға шықпай жатып-ақ, әл-Баррад опасыздықпен Уруаны өлтіреді. Сосын ол өзінің бауырластары кинаниттерге болған жайтты айтып, Уруа шыққан Қайс тайпасынан келер қауіпті ескерте отырып қуғыншы жібереді. Адам өлімі туралы біле сала Қайс тайпасы, өлтірілген адам үшін кек алмақ болып жолға шығады.  Қайстар кинаниттер мен құрайыштарды  Нахля[3] деген жерде күтіп алады. Шайқас болады. Қайстар үстем келіп, құрайыштарға Харамға тығылуға тура келеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) солардың арасында болады. Сосын қайстар қарсыластарына Уруаның өлімін бұлай қалдырмайтындарын айтады. Екі жақ шайқасты келесі жылы Указда жалғастырмақ болып келіседі. Содан кейін әр жақ сақтана отырып өз жерлеріне жол тартады. Тағайындалған уақытқа қайстар Сакиф және басқа тайпалармен бірігіп барлық күштерін жинайды. Құрайыштар да күштерін кинаниттер мен олармен одақтас болған Ахабиш тайпасымен біріктіреді. Хашім ұрпағының басшысы  Зубайр ибн Абдул-Мүттәліб болды. Онымен бірге ұрысқа оның бауырлары Әбу Тәліб, Аббас пен Хамза, сондай-ақ, оның немере інісі Мұхаммед (ﷺ) шыққан. Барлық әскердің қолбасшысы тайпаның ең егде әрі қадірлі адамы Харб ибн Умайя болған.  Осылайша соғыс басталды. Сол жылдар арабтар тарихындағы ең сұрапыл әрі қиын жылдар болған. Шайқасушылар тіпті Меккедегі қасиетті Харамның шекарасына дейін жетеді, сондықтан да бұл соғысты «шектен шыққан соғыс» немесе «масқара соғыс» деп атаған. Бастапқы кезде қайстар үстемдік танытқан, алайда кейін кейбір тайпалар оларды тастап кеткендіктен, олар бітімге келуді сұрауға мәжбүр болады. Әрбір шайқасқан жақтың өлгендерін санап шығу келісіледі. Және де қай жақтың құрбаны көп болса, сол жақ өлгендері үшін қосымша құн алулары тиіс болған.  Нәтижесінде қайстар құрайыштардан құн төлетіп алады. Бұл шартты Харб ибн Умайя жасаған, ол құн төленгенше ұлы Әбу Суфьянды кепіл тұтқын ретінде қайстарда қалдырады. Алла Тағала олардың жүректерін біріктіріп, адасуларын Исламның нұрына алмастырып, осылайша, жиі болмашы желеумен басталатын арабтардың есепсіз соғыстарының бірі аяқталған еді.


 7   Қазіргі кезде Иракта жоқ қала.

8   Сол кездегі арабтарда таралған сыпайы тілек.

9   Мекке мен Таифтың арасында.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: