Нағыз мейірім

Нағыз мейірім

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылмандар мен мүшріктердің арасында кескілескен ұрыс болған еді. Нәтижесінде мұсылмандар жеңіске жетіп, мүшріктердің басым көпшілігін тұтқынға алды. Тұтқындардың барлығын бір жерде ұстап отырған кезде, мұсылмандар бір оқиғаның куәсі болады. Тұтқындардың арасында екі өкпесін қолына алып, бір жарым жасар баласын жоғалтып алып, жанталаса іздеп жүрген әйелді көздері шалды.

Ана баласын әбден іздеп қатты шаршады. Аналық сезім мен сағыныш жүрегін өртеп қинағандықтан, көзіне түскен сәбиді бауырына басып, құштарланып сүйіп, аймалап мауқымын басып жүре берді. Ананың баласына деген мейірімі мен сағынышы көріп тұрғандардың көңілін босатпай қоймады. Мұның куәсі болған хазреті Пайғамбар (ﷺ) сахабаларына тағы бір ақиқатты үйретпек болып:

– Асхабым! Мына ана баласын отқа тастай алады деп ойлайсыңдар ма? - деп сұрады. Барлығы бірауыздан:

– Мүмкін емес! - деп жауап берді. Сол кезде Пайғамбарымыз (ﷺ):

- Асхабым! Олай болса, Ұлы Жаратушымыздың құлдарына деген мейірімі, мына ананың баласына деген мейірімінен әлдеқайда артық. Ана баласын отқа тастауы мүмкін емес болса, Алла Тағала да ақиқат жолында жүрген құлдарын отқа тастамайды, - деген екен. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: