Бітпейтін құрмалар

Бітпейтін құрмалар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Хұрайра (р.а.) ең кедей сахабаның бірі еді. Бір күні бірнеше құрма алып хазірет Мұхаммед Пайғамбарымызға (ﷺ) барып, өзінің өтінішін жеткізді: «Уа, Алланың Елшісі, мына құрмалар берекетті болсын деп дұға етіңізші?»

Ары қарай өзі әңгімелеуде: «Алла Елшісі (ﷺ) ол құрмаларды алақанына салып немесе құрмалардың үстіне қолын қойып берекет тілеп дұға оқыды. Сөйтті де мынаны айтты: «Бұл құрмаларды алып, қапшығыңа сал. Жегің келген кездері қолыңды сал да, қалағаныңша ал. Бірақ оларды шашушы болма!»

Сол күннен бастап мен әлгі қапшығымды ылғи жанымнан тастамадым. Ішінен қаншама рет әр түрлі мөлшерде құрма алдым. Жолдастарыммен бірге де жедім, басқаларға да үлестірген кездерім болды. Ол құрмалар біткен емес. Алайда, неге екенін білмеймін, хазірет Осман (р.а.) шейіт болған күні қапшығым босап қалды». 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active