«Маған 1-ақ сағат бер...» (жалғасы бар)

«Маған 1-ақ сағат бер...» (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылмандар намаз оқуды кейінге қалдырып жатады не болмаса намазды бастай алмай жүреді. Неге дейсіз ғой? Өйткені олардың уақыты жоқ. Әдетте қандай сылтаулар болушы еді? Олардың уақыты жоқ. Олар өздеріне қандай сылтау табады?

Жұмыс, үй шаруасы, бизнес, ауқаттылық, оқу, жұбай, балалар, денсаулық жарамайды және тағы-тағы айтыла берер ұзын сонар тізім. Бәрі дерлік: «Бос емеспін!, бос емеспін!, бос емеспін!» деп айта береді. Менен намаз жөнінде ақыл-кеңес сұраған  өзімнің шәкірттеріме: «Өздерің ойлап қараңдаршы, бір күні сізге жайдан-жай бір адам келіп қолыңызға 240 фунт ұстатады  да: «Бұл 240 фунт сізге жай әншейін қайырымдылық ретінде», - дейді. Сіз оны алып, жайлап әмиянға салып аласыз. Келесі күні ол тағы да 240 фунт береді, сіз оны әдеттегідей қалтаға салып қоясыз, осылайша, әлгі адам сізге күнде, күнде келіп 240 фунттан беріп тұратын болады. Күндердің күнінде, айталық, 10 жылдан соң әлгі адам: «Мен сізге 10 жыл бойы күніне 240 фунт берген едім, енді маған соның орнына 10-ақ  фунт беруіңізді сұраймын», - дейді.

Он жыл бойы үндемей-түндемей күніне 240 фунттан алып жүрген сіз не дейсіз? «10 фунт? Кешіріңіз, бірақ мен сізге оны бере алмаймын», - дейсіз. Келесі күні де әлгі кісі сізге келіп 240 фунт беріп, 10 фунт беруіңізді сұрайды. Сіз оған тағы да: «Кешіріңіз, мен сізге бере алмаймын», - дейсіз. Келесі күні де ол сізге 240 фунт береді. Одан ары күні тағы да береді, сіз алып қалтаңызға салып аласыз да енді тіпті оған қарамайсыз, алайда әлгі адам әлі күнге сізге 240 фунт беруін жалғастырып келеді. Күнде. Білесіз бе? Алла Тағала біздің бәрімізге де күнде береді! Күнде Жаратушы бізге 24 сағат уақыт береді. Жәй әншейін. Әр кез бізге 24 сағат береді. 10 жыл өтіп біз есейген кезде Алла Тағала: «Осы кезден бастап сол уақыттың  1 сағатын  маған  қайтар», - дейді. Біздің күніне оқып жүрген бес уақыт намазымыздың бәрін қоссаңыз қанша уақыт алады? Егер бұған дәрет алуды қоссақ, оған қанша уақыт кетеді? Бір сағаттан көп емес. Күні бойы 5 минут мына намазға, 15 минут ана намазға, 5 минут келесі намазға.

Алла Тағала: «Маған 1 сағат бер», - дейді, ал пендесі: «Менің мүлде уақытым жоқ, уа, Алла», - деп жауап береді. Алла Тағала айтады: «Өз уақытыңнан Маған 1-ақ  қана сағат бер». Пендесі: «Жасаған, менің жанұям, балаларым бар», - дейді.  Алла Тағала: «Бірақ сол жанұя мен балаларыңды Мен бермедім бе? Сендерге жанұя мен балаларды Мен сыйладым. Осының бәрін сендерге берген МЕН», - деп тіл қатады. Ал біз болсақ ше? Біздің берер жауабымыз қандай?  «Менің қолым бос емес. Жұмыс көп». Алла Тағала: «Бұл жұмысты сыйлаған МЕН», - десе, пендесі: «Мен тым бос емеспін», - деп міңгірлейді. Міне, осылайша, қаншама апа-сіңіл, аға-бауырларымыз намазға келе алмай жүр...                                

asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: