Халал жолмен емдейтін мұсылман дәрігерлер одағы құрылды

Халал жолмен емдейтін мұсылман дәрігерлер одағы құрылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей Федерациясында тұңғыш рет мұсылман дәрігерлерінің одағы құрылды. Аталмыш бірлестік жетекшісі Рәміл Хисамовтың айтуынша, медициналық білімі бар мамандар, сондай-ақ, медициналық жоғарғы оқу орнында білім алып жүрген студенттер бұл одаққа мүше бола алады.

Жалғыз-ақ шарты: одаққа мүше болғысы келетіндер тек мұсылман болуы әрі діни сауаты болуы тиіс. «Одақ қоғамның өтінішін қанағаттандыру, науқастарды шариғат талабына сай емдеу мақсатында құрылды.

Біз Сүннетке сай қалай тамақтану, қалай жату, қалай өмір сүру керектігін түсіндіретін боламыз»,- деді аталмыш одақ басшысы. Қазірдің өзінде аталмыш одаққа мүшелікке өтуге 80-на аса дәрігер өтініш берген екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: