Қиямет күні Пайғамбарымызға (ﷺ) жеті түрлі құрмет көрсетілетін болады (жалғасы)

Қиямет күні Пайғамбарымызға (ﷺ) жеті түрлі құрмет көрсетілетін болады (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ливаи-Хамд атауы келесі себептен берілген. Алла Тағала Адам Атаға (ғ.с.) Рух үрлегенде, ол түшкіріп: «Әлһамдулиллә» деген екен.  Содан кейін жауап ретінде мынаны естиді:  «Сенің Раббың саған мейірімді болсын. Менің мейірімім Менің азбымнан асып түседі». Сосын оған інжу моншақтар бір-біріне соғылғанда шығатын дыбыс естіледі

- Уа, Раббым! Бұл не дыбыс? - деп сұрайды ол.

Оған: - Бұл ақырзаман Пайғамбарының нұры, - деген дауыс естіледі. 

Адам Ата (ғ.с.) оны көргісі келеді. Алланың қалауымен нұр Адам Атаның  (ғ.с.) маңдайынан сұқ саусағына ауысады. Ол тырнағында тұрған нұрға айнаға қарағандай болып қарайды да, саусағын жоғары көтереді. Сол нұрға деген сүйіспеншілік оның жаны мен жүрегіне ұялап алады. Сол нұр Адам Атаның (ғ.с.) оң жағына ауысқанда, оның оң жағында тұрған ұрпақтары бақытке кенеледі. Ал қалғандары бұл бақыттан құр алақан қалады.

 Сонда Алла Тағала былай деп тіл қатады:

- Уа, Адам! Кімнің баласы туса, сол сыйлықтар таратуға міндетті. Мына мәртебелі бала үшін сыйлық қандай болмақ? Адам Ата (ғ.с.) былай деп жауап береді:

- Уа, Раббым! Өз Құдіретіңмен  "Әлһамдулилля" сөзін айту құрметіне лайық еттің. Осыдан болған сауапты мен оған арнаймын. Сол сауаптан Алла жалау жасап, оны Даңқ Туы (Ливаи-Хамд) деп атаған екен.  Даңқ Туының нұрдан жасалған көптеген күмбездері бар әрі әрбір күмбезінде хор қызы отыратындығы келтірілген. Әрбір хор қызының қолында өмірлік серігінің аты жазылған неке жүзігі болады. Хор қыздары сол күмбез терезелерінен қарап, өз күйеулерін шақыратын болады. Хор қызы өз күйеуін байқағанда, қолын жоғары көтеріп, оны қарсы алады.  Алла періштелерге Ливаи-Хамдты әкелуге бұйырады, алайда олар оны көтере алмай қояды. Алланың бұйыруымен Әли хазірет (р.а.) келеді.  Ол Даңқ Туын он шақты раушан гүлін көтергендей көтеріп алып, Сират көпірінен алып өтеді.

Бір риуаятта айтылғандай, Алла Тағала Жұмақтан қатты жел жібереді де сол жел мәртебелі Имамды жалаумен бірге Жұмаққа апарады. Ал басқа хадисте Пайғамбарымыздың (ﷺ)  мынадай оқиғаны айтып бергені келтірілген: қызының тойына дайындалып жатқан Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) болашақ күйеу баласына жеті жүз бағалы тастармен әшекейленген тәж жасауға бұйырады. Сосын бұл оқиғаны Әли хазірет (р.а.) Фатима аз-Захрға айтып береді, оны естіген Фатима қатты қапаланады.  «Сүлеймен (ғ.с.) қызына осындай жасау жасап бергенде, ақырзаман Пайғамбарының (ﷺ) қызында ештеме жоқтығына мәртебелі Имам ренжімес пе екен? Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) күйеу баласының басына тәж кигізеді, ал Алла Елшісінің (ﷺ) күйеу баласы кедей әрі мұқтаж болып қала береді». Осы мазасыз ой Фатима аз-Захрдың намысына тиіп кетеді. Өлерлерінен бұрын екеуі бірге бірдей түс көреді, екеуі де Жұмақтың ортасындағы биік тақта отырғандай болады. Олардың айналасына хор қыздары қаптап, олардың мыңдаған тілектерін орындау үшін бұйрықтарын күтіп тұрады. Солардың ортасында бір асыл тастармен көмкерілген көркем қыз әсем мәнерімен Фатиманың алдына келіп, екі қолына лағыл мен  әртүрлі бағалы бұйымдар толы екі ыдыс  ұстап тұрады. Фатима (р.а.) оған қашан қарап, қашан оның қолынан асыл тастарды алады деп күтіп тұрады.

Хазірет Имам: - Уа, Фатима, бұл қыз кім? - деп сұрайды.

 Сонда Фатима (р.а.) былай деп жауап береді: - Бұл Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) қызы.  Алла оны маған қызмет етуге бөлген.  Сол бір күні менің жүрегімде пайда болған мазасыздықты алып тастау үшін, Алла Тағала осы кереметті маған жасаған. Алла Тағала Даңқ Туын Имам Әлиге (р.а.) тапсырғанда, ол оны өзінің қасиетті басына тәж сияқты қоятын болады. Сонда мынадай дауыс естіледі:

- Уа, Әли, қай тәж жақсы, осы ма әлде Сүлеймен пайғамбардың күйеу баласының тәжі ме?

Ливаи-Хамд Арасат алаңында болғанда Тозақтағылардың азабы жеңілдетілетін болады. Арасат алаңынан оны Жұмаққа апарғанда, олардың азабы күшейтілетін болады. Сонда Мақшарда тұрғандар Даңқ Туының құнын түсініп, оны дәріптей бастайды. Көптеген ғалымдардың айтуынша, өз атауын жалау осыдан алған екен.

Төртіншіқұрмет:   Жұмақтың қақпасын бірінші болып Алла Елшісі (ﷺ) қағады, қақпа оған бірден ашылады. Бір хадис-шәріпте оның өзі былай деген еді: «Жұмақтың қақпасын бірінші болып мен қағатын боламын».  Келтірілген хадиске сәйкес, Жұмақтың қақпасын бірінші болып Алла Елшісі (ﷺ) қағады, оған Жұмақ сақшысы:  - Алла Тағала Өзінің Сүйіктісінен бұрын ешкімге ашпа да оның үмбетінен бұрын Жұмаққа ешкімді кіргізбе деп бұйырған.

Бесіншіқұрмет:  Жұмақтағы Кәусәр бұлақ.

Алтыншықұрмет:   Макам Махмұд (Мақтауға тұрарлық орын). Ол жөнінде Құранда айтылған: «Раббыңныңсенібірмақтаулыорынғажеткізуіненүмітетіледі» (17:79). Муфассирлер Макам Махмұд шапағаттың ең жоғары дәрежесін білдіреді деп айтқан. Ка’б ибн Мәлік (р.а.) Қиямет күні Алла Өз Сүйіктісін (ﷺ) және оның үмбетін бір төбенің басына көтереді. Алла Сүйіктісінің (ﷺ) басына тәж кигізіп, оған сөйлеуге рұқсат береді. Ол қалағанын сұрауға мүмкіндік алады. Осы Мақтаулы тұрарлық орын. Басқа риуаятқа сәйкес, Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Қайта тірілген  күні Алла  мені Өзіне шақырады. Мен Алла Тағаланың алдына барғанда, Даңқ Тағында отырған Жәбірейілді (ғ.с.) көремін. Жәбірейіл (ғ.с.) айтады: - Алла Тағала мені саған жіберді.  Алла оның сөздерін растайды: - Ол шын айтады, оны Мен жібердім. Содан кейін былай бұйырады: - Оған шапағат жаса. Мен бірден шапағат жасаймын.  Бұл Макам Махмұд.

Жетіншіқұрмет:  Бұл Уасилә — Жұмақтың ең жоғарғы дәрежесі.  Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: "Мен үшін  Уасиләні сұраңдар".  "Уа, Алла Елшісі, Уасилә деген не?", - деп сұрағанда, ол (ﷺ) былай: "Бұл - Жұмақтың ең жоғары дәрежесі, ол тек біреуге ғана беріледі. Сол адам мен болармын деп үміттенемін", - деп жауап берген екен. Алла Елшісі (ﷺ) өзінің кішіпейілділігінен ғана осылай жауап берген.   Ал байыбына келгенде бұл орынға дәл соның лайық екендігінде еш күмән жоқ.

"Пайғамбарлар тарихы" кітабынан 

аударған Ақерке СЫДЫҚОВА

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: