Намаз оқымаудың қандай қаупі бар?

Намаз оқымаудың қандай қаупі бар?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біле білгенге, намаз оқымау — адамға зор зиян келтіреді. Намазды елемейтін адам көптеген азаптар мен қиыншылықтарға душар болады: оның өмірі қайырсыз әрі пайдасыз болады. Мұндай адамның өмірі жәбірлену мен мазаққа толы болады әрі әртүрлі ауруларға шалдығумен өтеді.  Бұл адам құрметсіз болады әрі әртүрлі қиындықтарға тап болады. 

Үнемі намазын оқып отыратын адам табиғат ана сыйлаған сұлулықтан бөлек қосымша сұлулыққа ие болады. Ал намаз оқымайтын адам қанша өзін сәндесе де, қандай әдемі киімдер кисе де, үнемі жуынып-шайынып жүрсе де мұндай сұлулыққа қол жеткізе алмайды. Қанша садақа берсе де, қанша игі амалдар жасаса да, ол ешқашан сауапқа кенеле алмайды.  Алла Тағала намаз үшін нақты уақыттар белгіледі және сол уақыттарды тек намаз оқумен өткізу қажет. Кімде-кім осы уақытты зұлымдық жасауға арнаса, оның әрбір ісі игілік пен берекеттен құр алақан қалады әрі оның дұғасы қабыл болмайды.

Өлер кезінде бұл адамның түрі жиіркенішті болады. Оның өзі әрі жатқан төсегі былғаныш болғандығы сондай, оның жақын туыстары одан жиіркенетін болады. Олардың ешқайсысы да оған құрметпен қарамайтын болады. Тіпті бұл адам патша болса да, сол сәтте оны қоршағандар одан жиіркеніп, жек көретін болады. 

Өлерінің алдында намаз оқымаған адамның көздерінен үрей, абыржу мен қатты уайымды анық көруге болады. Оның көздері жан-жаққа жүгіріп, көзінің түсі өзгеріп отыратын болады. Қандай сәнді, қандай әдемі бөлмеде жатқан мұндай адамның жағдайы қорланған әрі масқара күйде болады. 

Кімде-кім намаз оқымаса оның иманы әлсірейді әрі намазға лайықты түрде қарамағаны үшін періштелер, адамдар мен басқа да жаратылғандар оны сыйламайтын болады.

Намаз оқымайтын адам қанша тамақ ішсе де үнемі ашығып жүретін болады. Қанша таңсық ас жесе де, тойымсыздық сезімі оған азап әкелетін болады. Ал ақыр соңында, қорқынышты азапта жатып жанын беретін болады. Өйткені намаздан бас тарту үлкен күнә болып табылады әрі бұл күнәнің азабы оған тепе-тең болады. 

Ал намаз оқитын адамның жағдайына келер болсақ, өлер алдында оның түрі жайдары, қуанышты әрі нұрлы болып тұрады. Оның көздерінен бақыттың сәулесі көрініп тұратын болады. Оның денесінен жағымды иіс шығып және тыныштықта жан тапсыратын болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: