Құранды орыс тіліне аударған Валерия Порохова қайтыс болды

Құранды орыс тіліне аударған Валерия Порохова қайтыс болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранды орыс тіліне аударған аса танымал ресейлік кәсіби аудармашы Валерия Порохова қайтыс болды. Бұл қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып, Расул Тавдиряков есімді блогер Facebook желісінде жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Порохова осы жылдың мамыр айында 79 жасқа келген. 

"Иман Валерия Порохова қайтыс болды. Ресейлік кәсіби аудармашы-синхронист және мұсылман қоғам қайраткері. Ол 12 басылым болып шыққан Құранды орыс тіліне аударып, үлкен танымалдылыққа ие болған еді" , - деп жазды Тавридяков.

Қаралы хабарды естіген желі қолданушылары бірден қайғыға ортақтаса, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Оған қоса, Валерия Порохованың қайтыс болғаны туралы танымал ресейлік діни қайраткер Вячеслав Поросин да жазды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: