Тіленшілер де қайыр тілеу үшін лицензия алуына тура келетін болды

Тіленшілер де қайыр тілеу үшін лицензия алуына тура келетін болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Швецияның Эскильстуна қаласы көше мен қоғамдық орындарда қайыр тілегісі келетіндерге қайыр тілеуге рұқсат беру жүйесін енгізген әлемдегі тұңғыш елді-мекен болайын деп тұр. Яғни, қала басшылығынан қайыршылар қайыр тілеуі үшін арнайы лицензия алуына тура келеді.

Бұл жайында AMNA ақпарат көзі хабар таратты. Эскильстуна қаласы ел астанасы - Стокгольмнің батысында орын тепкен. Халқының саны 100 мың адамға жетеді. Аталмыш қала билігінің бұл шешімі қайыршылардың қарасын азайтуға бағытталған. Егер азамат немесе қала тұрғыны қайыр тілеп тапқан табысын негізгі күнкөріс көзіне айналдырғысы келсе, ол жергілікті полиция бөлімшесінен лицензия сатып алуы керек.

Лицензия құны - 250 крон (крон - шведтердің ұлттық валютасы). Бұл лицензия үш айға жарамды. Ал егер лицензиясыз қайыр тілегені анықталса, 300 еуроға дейін айыппұл салынады. 

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: