Қабір азабынан құтылуға бола ма? (жалғасы бар)

Қабір азабынан құтылуға бола ма? (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шыбын жан денені тастап кеткен кезден бастап адам өлген болып саналады. Ал мәйітті қабірге жерлеген уақыттан, оның алдынан мәңгілік өмірге апарар жол басталады, өйткені қабір – ақиреттің алғашқы бекеті.

Осман ибн Аффан (р.а.) қабірдің басында тұрып жылағанда оның көз жасы сақалын жауып кететіндігі келтірілген. Бір күні одан: “Жұмақ пен Тозақ туралы айтқанда сен жыламайсың! Ал енді неге жылайсың?” – деп сұрағанда, ол: “Мен Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын естіген едім деп жауап берген:

«Ақиқатында, қабір – ақирет өмірдің бірінші баспанасы, егер адам қабір азабынан құтылса, онда одан кейін болатындар анағұрлым жеңіл болады. Ал егер құтылмаса – онда одан кейінгі анағұрлым ауыр болады».

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай да айтқан: «Қабірден артық жаман нәрсені көрмеп едім» (Тирмизи, Ибн Маджа)

Қабірде адам баласы екі періштенің алдында жауап беруіне тура келеді, олар адамды көзі тірісінде иман келтіріп, сенген оның Құдайы, діні және Пайғамбары туралы сұрақтың астына алатын болады. Егер адам дұрыс жауаптар берсе, оның құтылғаны. Ал дұрыс жауаптар берілмесе – періштелер адамды қабір азабына салады.

Тірісінде тақуа өмір сүрген адам қабірдегі періштелердің нұрлы жүздерін көретін болады, ал егер адамның өмірі күнәдан арылмаған болса, онда оған өңдері қап-қара түнектей болған періштелер келетін болады. Олардың жүздерінің өзі үрей туғызады.

Әнас (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) мына бір сөздерді жиі айтатынын келтірген: «Уа, Алла, шындығында, әлсіздіктен, селқостықтан, жүрексіздіктен, сараңдықтан, кәріліктің қалжырауынан Сенен пана іздеймін; қабір азабынан Сенен пана іздеймін, Тозақ Отынан және өмір мен өлімнің сынағынан Сенен пана іздеймін!» (Бұхари, Мүслим).

Қабір азабына қатысты мұсылман ғалымдарының пікірі бірдей – әрбір жан иесін сұраққа алатын екі періште жөнінде айтылады.

Қабірдегі сұраққа қатысты мынадай риуаят бар: Әл-Бара ибн Азиб бірде Пайғамбарымызбен (ﷺ) бірге қайтыс болған ансарлардың біреуін жерлеуге барғандығын айтқан. Олар қабір қазылып болмай жатып, келіп алады. Сонда Алла Елшісі (ﷺ) отыра кетеді, ал қозғалуға қорыққан сахабалар да қасына жайғасады.

Пайғамбарымыз (ﷺ) бір шыбықпен жерді сызбалап отырып былай айтады: «Қабір азабынан Алладан пана іздеймін!» Осы сөзді екі-үш рет қайталап, былай айтқан: «Тақуа жан бұл өмірмен қоштасып, мәңгілік өмірдің табалдырығында тұрған кезде көктен жүздері күндей жарқыраған періштелер түседі. Олар өздерімен Жұмақтан кебін мен хош иіс ала келеді. Ажал періштесі жақындап келіп, оның бас жағына отырады да: “Уа, ізгі жан! Алланың кешірімі мен ризашылығына қарай шық” – деп айтады.

Тақуа адамның жаны ыдыстың аузынан су аққандай болып шығады. Сол кезде жер мен көктің арасындағы барлық періштелер оған сәлем береді. Оның алдынан көктің барлық қақпасы ашылады әрі көк қақпаларының сақтаушылары Алладан әлгі жан көкке олардың қақпалары арқылы көтерілгенін сұрайды. Ажал періштесі жанды алған кезде басқа періштелер оны хош иісті кебінге орап үлгереді. Бұл жөнінде Алла Тағала былай айтқан: «Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік етпейді» (6:61).

Осыдан кейін жан төңірегіне жер бетінде жоқ жұпар иіс шаша бастайды, періштелер оны көкке көтере жөнеледі. Олар бір топ періштелердің қасынан өте бергенде періштелер: «Бұл көркем жан кім?” – деп сұрайды. Оларға: «Пәленше дегеннің пәленше ұлы», - деп жауап қайтарылады. Періштелер әлгі жанды көзінің тірісінде атаған ең көркем есімдермен атайды.

Олар көктің бірінші қақпасына жетеді, қақпаның ашылуын сұрайды, қақпа ашылады. Осылайша әрбір қақпаның періштелері жанды жетінші көкке жеткенше шығарып салып отырады. Сонд Ұлы Алла былай айтады: «Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің? Ол жазулы бір кітап. Оны, Аллаға жақын періштелер бақылайды” (83:19-21).

Сонда періштелер Жоғарғы орынға әлгі жан туралы хабар береді. Оларға былай бұйырылады: “Оны жерге қайтарыңдар, өйткені Мен оны жерден жараттым, жерге қайтарамын әрі жерден қайта шығарамын деп уәде бергенмін”. Періштелер мүміннің жанын жерге қайтарады, жан тәнге кіреді. Осылайша, адам алыстап бара жатқан өзінің туыстарының алыстап бара жатқан дыбыстарын естиді, сол кезде оған түсі суық екі періште келеді де зіркілдеп оны сұраққа ала бастайды:

“Құдайың кім?” Ол: “Менің құдайым - Алла”, - деп жауап береді. «Дінің не?» “Менің дінім - Ислам”. «Сендерге жіберілген адам кім?» “Алла Елшісі, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын”. «Сенің амалдарың қандай болды?” “Мен Алланың Кітабын оқыдым, оған иман келтірдім әрі иманыма берік болдым”, - деп жауап береді адам.

Бұл тақуа жанның өтетін соңғы сынағы. Бұл жөнінде Алла Тағала былай айтқан: «Алла (Т.) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де, ақыретте де мықты сөзбен бекітеді...» (14:27). Соның арқасында мүмін жан: “Менің құдайым - Алла. Менің дінім - ислам. Менің пайғамбарым - Мұхаммед, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын”, - деп айта алатын болады...

Дайындаған: asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: