Жазғы сауат ашу курсы аяқталды

Жазғы сауат ашу курсы аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының бастамасымен, Шу аудандық "Төле би" мешітінің жанынан балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында, бір айлық сауат ашу курсы ұйымдастырылған болатын.

Өскелең ұрпақтың жан дүниесін байытып, рухани азық алуына жол ашатын сауат ашу курсында мектеп жасындағы 30  ұл бала дәріс алды. Білім - адамзат баласының қоршаған ортаны тануға, білуге, меңгеруге деген ұмтылысы. Жаратушы Алла тағала аманат еткен Ислам діні ғылым мен білімге ерекше құрметпен қарайды.

Шәкірттерге дәріс берген аталмыш мешіттің найб имамы Талғат Кәрібайұлы және мешітіміздің ұстазы Құлыбек Ердәулет оқушылардың бір ай бойы алған білімдерін сынап, үздіктерін анықтау мақсатында әдеттегідей жарыс ұйымдастырды. Сайыс соңында балаларды алғыс хатпен марапаттап, еліне қызмет қылатын ер азамат болып өсуін тіледі.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: