Пайғамбар туралы көне қолжазба Қазақстанда сақталған

Пайғамбар туралы көне қолжазба Қазақстанда сақталған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты қолжазбалар зерттеліп, құндылығы анықталады. Бұл істі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі қолға алады, — деп хабарлайды «Хабар 24». Мәдени мұраларды сақтап, цифрлық жүйеге көшіру мақсатында олар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінде мұрағат қорында 6 мыңнан астам экспонат бар.

Жәдігерлердің ең құндысы – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмір жолы жазылған қолжазба. Жалпы төрт томнан тұратын туындының бір томы ғана осында сақталған. Мамандар оны зерттеп, төл тілімізге аударған. Алайда бұдан бөлек мыңдаған адам әлі де зерттеуді қажет етеді. –Біздің тарихымызды, мәдениетімізді, тілімізді, дінімізді жақсылап тереңірек зерттейтін болсақ, оған құнды жәдігерлер керек.

Құнды түпнұсқалар керек. Сол түпнұсқалар жан-жақтан бірнеше тілде, соның ішінде парсы тілінен, қытай тілінде жазылған. Мақсатымыз — осы жердегі қорларды бұқаралық біздің зерттеушілерге жеткізу. Соларға таныстыру және біздің ғалымдармен зерттеушілер арқылы бұқараға сонымен бірге жеткізуге біздің мақсатымыз бар, — дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуақасова.

 kazislam.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: