Алланың ақырзаман Пайғамбары (с.ғ.с.) үмметіне берген сыйы!

Алланың ақырзаман Пайғамбары (с.ғ.с.) үмметіне берген сыйы!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Жебірейіл періштені (ғ.с.) жаратқанда 600 қанат берді, әрбір қанатының ұзындығын шығыс пен батыстай қылды, өзінің әдемі, сұлу бейнесіне қарап, Алла Тағаладан:

 "Я, Рабби! Мені сұлу қылып жараттың, басқа менен асқан сұлу жаратылыс бар ма?" деп сұрағанда Алла Тағала "жоқ" дейді.

Сол кезде Жебірейіл (ғ.с.) Аллаға шүкір етіп, екі намаз оқиды, әр рәкәғатына жиырма мың жыл уақыт жіберіп оқиды. Сөйтіп, Жебірейіл (ғ.с.) екі рәкәғат намазын аяқтайды.

Сонда Алла Тағала айтты:

 "Ей, Жебірейіл (ғ.с.), сен осы екі рәкәғат намазыңды шын ықыласыңмен оқыдың, сен оқығандай ешкім оқи алмайды, бірақ, қиямет жақындағанда Менің сүйікті құлым Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар келеді. Сол пайғамбарымның (с.ғ.с) әлсіз, намаз оқыса шатасып оқитын үмметі болады, солардың аз уақытта жаңылысып оқыған намазы сенің оқыған намазыңнан артығырақ, себебі олар Маған әміріме бойұсынып оқиды, ал сен болсаң шүкірлік қылып өз еркіңмен оқыдың" дейді.

Сонда Жебірейіл (ғ.с.):

 "Я, Рабби! Олардың сондай оқыған намазына нендей сыйлық бердің?" деді.

Алла Тағала:

"Оларға Мен жәннәтүл- ма-уаны бердім" дейді.

Жебірейіл (ғ.с.):

 "Я, Рабби! Сол жәннәтүл-ма-уаны көруге рұқсат беріңіз" деп сұрайды.

Алла Тағала рұқсат бергенде, Жебірейіл (ғ.с.) қанаттарын ашқанда үш мың жылдық жолды өте шығады және қанатын жапқанда тағы сондай жолды қысқартады, осы жылдамдықпен үш жүз мың жыл жәннәтүл-ма-уаның ішінде ұшады, сөйтіп Жебірейіл (ғ.с.) бір көрінген ағаштың көлеңкесіне әлсіреп, сәждеге жатып:

 "Я, Рабби! Жәннәтүл-ма-уаның жартысына ма әлде 3/1-не немесе 4/1-не жеттім бе?" деп сұрайды. Сонда Алла Тағала айтты:

 "Ей, Жебірейіл (ғ.с.), саған осынша қанат қосып, осы күш-қуатыңа тағы күш қосып жәннәтүл-ма-уаны үш жүз мың жыл ұшсаңдағы ол жәннәтүл-мауаның жүзден бір бөлігіне жете алмайсың, міне, ақырзаман Пайғамбар (с.ғ.с.) үмметінің екі рәкәғат оқыған намазына берген сыйым осы" деген екен.

 Құрметті бауырлар, Алла Тағала біздерді ақырзаман Пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі қылғанына сансыз шүкірлер айтуымыз керек.

Алла Тағала барлығымызға, сол ЖӘННАТІ нәсіп етсін.

mazhab.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: