Нұр-Мүбарак: Қасиетті Құранның екі тілде түсіндірмелі аудармасы жарық көрді

Нұр-Мүбарак: Қасиетті Құранның екі тілде түсіндірмелі аудармасы жарық көрді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ және орыс тіліндегі екі нұсқада  жарық көрген қасиетті Құранның түсіндірмелі аудармасы Нұр-Мүбарак баспасында әзірленді. Нұр-Мүбарак университетінің исламтанушы, PhD доктор ұстаздары Асқар Әкімханов пен Нұрлан Анарбаев қазақ тіліне, ал орыс тіліндегі нұсқасын университетттің қос исламтанушы-докторанты теолог Асқар Сабдин мен Бауыржан Әлиұлы, исламтанушы Ерген Самиев әзірледі. Білікті де білімді ғалымдар әзірлеген аударма ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің дінтану сараптамасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің діни сараптамасының оң қорытындысын алды.

Сондықтан қазіргі уақытта «Құранның қандай нұсқадағы аудармасын оқуға болады?» деген сауалға нақты әрі сенімді жауап ретінде Нұр-Мүбарак университетінің баспасынан шыққан Құран Кәрімнің түсіндірмелі аудармасын ұсына аламыз. Осыған дейін Құранның қазақ тілінде мағыналық аудармаларын Түркияда Халифа Алтай, Пекинде Ақыт қажыұлы Ғазез, Қазақстанда У.Қыдырханұлы т.б. секілді ғалымдар жасаған болатын. Жаңа еңбектің алғысөзінде аудармашылар «…Әрине мұның барлығы «Құран қазақшаға толық аударылып бітті» дегенді білдірмейді. Бұрынғы аудармаларды назарға ала отырып, тағы да Құранның тереңінен маржан сүзіп, астарын ақтарып, асыл мағынасын ашатын түсіндірмелі тәржімалар мен түсініктемелерге еліміз әлі де болса зәру…» деген.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасынан әрқайсысы 1000-нан екі мың дана қоғамға сыйға тартылған Құран демеушілеріне көпшіліктің алғысы шексіз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: