Құз басындағы мешіт (фото)

Құз басындағы мешіт (фото)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Босния мен Герцеговина аумағындағы жартасқа салынған көне мешіт қасиетті Рамазан айында жамағатқа есігін айқара ашты. Неге екені белгісіз, жергілікті жамағат үйінің жанындағы мешітте емес, жұма намазын осында оқуға ынтық.

Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Біз сөз етіп отырған, Кушлат деп аталатын тарихи мешітті түрік падишаһы Мехмет ІІ тұсында Османлы сарбаздары тұрғызған болатын. 1993 жылы аталған елде орын алған азаматтық соғыс кезінде мұсылмандардың бұл құлшылық үйіне сербтер от қойып, өртеліп, зақымдалған болатын.

Алайда, арада аттай жиырма жылдан соң жөндеуден өткізіліп, қазіргі қалпына келтірілді. Бұл мешітке көлікпен жете алмайсыз. Жаяу-жалпылатып, тік әрі қия беткейден көтерілу керек. Тіпті, мешітке көтірелген кезде биікке шыққан сайын бүркіттің ұялары жолда қалады. 

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: