Облыстың найб имамы Шу ауданында

Облыстың найб имамы Шу ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының екінші аптасының басында Жамбыл облысы "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Ғалымбек Жәпек Шу ауданына арнайы іс-сапармен келді. Ауданға сапарлатқан облыстың найб имамы аудандық мектептерді аралап, оқушыларға ағымдардың сипаттары жайында уағыз-насихат айтты.

 Ат басын аудандық мешітке тіреген Ғалымбек Жәпек, ауызашарға жиылған жұртшылыққа Рамазан айының қадір-қасиеті жайында өсиетін айтты. Ас соңында найб имам Талғат Кәрібайұлы Құран оқып, қолын жайып, батасын жаудырды.

Сонымен қатар, Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы тарауық намазына келген жамағатқа қонақты таныстырды. Өз кезегінде сөз алған  Ғалымбек Жәпек адамгершілік турасында әсерлі уағыз-насихат айтты. Келген көпшілік әсерлене тыңдап, сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ келесі  күні облыс найб имамы сапарын Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты Тасөткел ауылдық "Тасөткел" мешітіне жалғастырды. Мешітте ауызашарға қатысып, уағыз жүргізді.

 Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: