Рамазан жоспары пысықталды

Рамазан жоспары пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Төле би мешітінде ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауданға қарасты ауыл имам-молдаларымен қасиетті Рамазан айына байланысты кезекті жиналысын өткізді.

Жиналысты  Аят Дыбысұлы ауыл молодаларын келе жатқан  он екі айдың сұлтаны  қасиетті Рамазан айымен құттықтап, отбасыларына береке, атқарып жатқан еңбектеріне сәттілік тілеуімен бастады.

Жиын барысында аудан имамы ҚМДБ нан және "Һибатулла Тарази" мешітінен келіп түскен хаттарды басшылыққа алып, ауылдарда Рамазан айын өз деңгейінде өткізулерін жүктеді. Атап айтатын болсақ,  қасиетті Рамазан айына дайындалу, жоспар мен бағдарламалар жасау, көпшілік жүретін жолдарда Рамазан айына байланысты баннерлерді ілу, мешіттерде ауызашарлар ұйымдастыру, мешіттің ішкі сыртқы тазалығында сөз қозғалды. Сонымен қатар 2020 жылғы газет журналдарға жазылу барысын сөзге тиек етті. 2019жылына арналған күнтізбе мен ораза кестелері үлестірілді.

Жиын соңында ауыл молдалар өз ойларымен бөлісіп, мәжілісте туындаған сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: