Қазақ даласынан өте сирек кездесетін жыртқыш құс таспаға тартылып қалды (видео)

Қазақ даласынан өте сирек кездесетін жыртқыш құс таспаға тартылып қалды (видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақан Телманов есімді Ақтау қаласының тұрғыны табиғатта, соның ішінде қазақ даласында өте сирек кездесетін аса ірі әрі жыртқыш құсты - қара тазқараны таспаға тартып алыпты.

Ақанның айтуынша, тазқаралар Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған ауданындағы Жангүрші деген жерде көзге түскен. Бұл жайында "Лада" ақпарат көзі хабар таратты. Тазқаралар сәуір айының 8-і күні кешқұрым таспаға тартылып алынған. Аталмыш құстың ірілігі соншалықты, бүркіттің дене тұрқынан үш есе үлкен келеді.

Бүгінде жоғалуға айналған аталмыш жыртқыш құс Тянь-Шань мен оның сілемдерінде (Шу-Іле тауында, Қаратауда), Жоңғар Алатауында кездеседі. Еліміздің басытысында орын тепкен Үстірттен, Шу жазығынан және Сауыр жоталарынан 1998 жылы ұясы табылғанын айта кету керек. 

islam.kz 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: