Өкіл имам «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттерімен кездесті

Өкіл имам «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті универтисетінде оқитын әр өңірден келген студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Шымкент медресе-колледж директорлары қатысты.

Атаулы жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешіт-медресесінің басшысы Қанат Жұмағұл арнайы барып, Жамбыл облысынан жолданған шәкірттерімен кездесті.

Жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етіп, қолдау жасау мақсатында өткен жүздесуде мардымды ой қозғалып, салихалы сұхбат жүргізілді.

Айта кету керек, қазіргі таңда бұл оқу орнында өңірімізден келген 80 шәкірт білім алуда. Биыл олардың тоғызы маман атанып, дипломдарын қолға алмақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: