Жасанды интеллект Алеппо ескерткіштерін қалпына келтіреді

Жасанды интеллект Алеппо ескерткіштерін қалпына келтіреді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ЮНЕСКО террористер шабуылынан қираған тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру жұмысында жасанды интеллект алгоритмдері мен пилотсыз ұшақты қолдануға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асыруды жоспарлайды. Бұл туралы халықаралық ұйым жетекшісі Одре Азуле мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Біз нақты жоспар құрдық. Менің ойымша, мұны Алеппо қаласында іске асыру керек. Біз пилотсыз ұшақ арқылы және жасанды интеллект көмегімен содырлар шабуыланан қираған, бүлінген тарихи, мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруді жоспарлаймыз. Бұл өте күрделі, ауқымды жұмыс» дейді ұйым жетекшісі.

Еске салсақ, қазір Әлемдік мәдени мұралар тізімінде Сириядағы алты нысан кіреді. Оның біраз бөлігі ДАИШ содырлары әрекеттері салдарынан бүлінген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: