125 үндіс өмірде алғаш рет мешіттегі намазды көрді

125 үндіс өмірде алғаш рет мешіттегі намазды көрді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістанда үнділік көпшілік пен мұсылман азшылық арасындағы бейбіт қарым-қатынастар жағдайында қоғамдағы ұлтшылдық деңгейін төмендету үшін мұсылмандар үндістерге өз діндері туралы білім беруге шешім қабылдады.

Қалян атты ерекше атауы бар қалада 167 жылдық мешіттің әкімшілігі 125 мұсылман емес ер кісілерге ислам дін туралы айтып, стереотиптерді жоюға шақырды.

Негізінен үндістерден құралған 125 адамнан тұратын топты мешіттің интерьері - минбар, дәретхана орны және ислам әдебиетінің кітапханасы қызықтырды.

Үндістерге кешкі намаз азаны, содан кейін жамағатпен оқылған намаз көрсетілді, деп хабарлайды Hindustan Times.

"Ислам - бұл тек дін емес, өмір салты. Сондықтан мешіт тек ғибадат ету орны ғана емес. Оның мақсаты қоғамның проблемаларын шешудің орталығы болу. Бұл барлық адамдар үшін баспана", - деп түсіндірді ислам ғалымы Ваджид Али Хан.

Мешіттің қонағы Раджендра Ранаваде көргенімен таңданып: "Бүгін мен тәртіпті көрдім" - дейді.

asyldin.kz


 

«Жақсылық өмірді ұзартады, садақа күнәларды кетіреді және жаман өлімнен қорғайды.» Табарани

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: