Сауд Арабияда таксиші қыз-келіншектер көбеюде

Сауд Арабияда таксиші қыз-келіншектер көбеюде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабияда қыз-келіншектердің көлік жүргізуіне салынған тыйым алып тасталған уақыттан бастап, таксиші жас қыз-келіншектердің саны артып келеді.  

Arab News ресурсының мәлімдеуінше, Сауд Жоғары оқу орындарының бірінде ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алып жүрген 23 жасар студент қыз Шахад Хамад Сауд Арабиядағы Uber таксомотор қызметінде жұмыс істейтін қыз-келіншектердің алғашқыларының бірі әрі такси жүргізушісі болып қызмет ету арқылы ол өзіне сенушілік деңгейін арттырып жүрген көрінеді.

Шахадтың айтуына қарағанда, клиенттер ол туралы тек жағымды пікірлер қалдыруда.

«Адамдардан осыншама қолдау көремін деп мүлде ойламаппын. Бұл маған қатты көмектеседі», - деп ағынан жарылды Шахад.

«Uber такси қызметінде қызмет етіп жүрген мен сияқты жас қызды көргенде менің құрдастарым қуанатын шығар деп үміттенген едім, алайда тек қана жастар емес, сондай-ақ, аға буын да бізді көріп қуануда», - деп сөзін жалғастырды саудиялық таксиші жас қыз.

asyldin.kz


 

Әбу Һурайра (р.а.) Алланың елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естігендігін айтады: «Даңқты һәм Ұлық Алла былай дейді: «Менің жаратылысым сияқты жаратуға тырысқан біреуден артық қандай залым бар? Қане, олар жоқтан бір түйір жаратып көрсін, не бір дәнекті, не бір арпаның дәнін жаратсын!». Бұхари риуаят еткен. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: