Саудиялық мұғалім мектеп кабинетін ертегі әлеміне айналдырды (ФОТО)

Саудиялық мұғалім мектеп кабинетін ертегі әлеміне айналдырды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жидда қаласындағы Әл-Маруа мектебінде сабақ беретін Сауд Арабиялық мұғалім өзінің жұмыс кабинетін адам танымастай етіп өзгертуге бел буған. Оның ойындағысы толығымен орындалды деп айтуға болады.

Ибрагим Яхия Әл-Алмаи – кезінде сурет өнерімен айналысқан саудиялық қарапайым мұғалім. Күндердің күнінде Ибрагим тәжірибе жасап көрмек болады, бұл жолы кенептің орнына ол мектеп кабинетінің төбесі мен қабырғасын таңдап алған.

Учитель из Саудовской Аравии превратил школьный кабинет в сказку (ФОТО)

«Еңбек жолымды енді бастаған кезімде мен көркемөнер көрмесін жиі өткізетінмін. Бірақ, өкінішке орай, ұстаздық міндеттер мені қызығушылығымнан алыстатып әкетті. Алайда оқушыларым менің қызығушылығымды қайтадан оятты, осылайша, біз кабинетімізді түрлендірейік деп шештік», - деп ағынан жарылған Ибрагим.

Учитель из Саудовской Аравии превратил школьный кабинет в сказку (ФОТО)

Учитель из Саудовской Аравии превратил школьный кабинет в сказку (ФОТО)

Өнер нәтижесін расымен тамаша деп айтуға болады. Кабинеттің төбесі – көгілдір аспан, ал қабырғалар көздің жауын алар әдемі каллиграфияларға толы.

Мұғалімнің айтуынша, мұндай дизайн оқу материалын оқушылардың жылдам да оңай қабылдауына ықпал етеді әрі мұндай атмосферада сабақ оқу жанға жайлы. Міне, шығармашылық тәсілім деген осы.

 asyldin.kz


«(Мұхаммед) «Егер адамдар мен жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар бір- біріне көмекші болса да келтіре алмайды - деп айт» (17.Исра – 88).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: