Мұсылмандар қалай саяхат жасайды?

Мұсылмандар қалай саяхат жасайды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Неміс IPK International талдамалы компаниясының сарапшылары мұсылман саяхатшыларының қай жерде, қалай демалатындығына талдау жасаған.
Зерттеулер нәтиежесі бойынша, соңғы 5 жылда мұсылман туризмі 40% артқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш келешекте де сақталатын болады.
Индонезия, Түркия және араб елдерінің тұрғындары саяхатқа анағұрлым жиі шығатындығы анықталған.
Ислам дінін ұстанушылар көбіне демалыс күндерін қалада қыдырумен, яғни, өз шаруаларымен немесе туыстары мен достарына қонаққа барумен өткізетін көрінеді.
Шет елдерге жасалатын саяхаттардың 10% діни саяхаттар мен қажылықты құрайды, ал басқа мұсылман емес елдерде бұл көрсеткіш тек 1% аспайды.
Мұсылман саяхатшылары көбіне БАӘ, Германияға, Сауд Арабиясына, Малайзия мен Сингапурге барады екен.
Мұсылман-туристердің 75% – 25 пен 44 жас арасындағы адамдар және олардың басым көпшілігінің білім деңгейі жоғары болып келеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: