Тақуа құлдың бір күні

Тақуа құлдың бір күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
  • 1. Таңертең ұйқыдан Алланы еске алып оянады. Таң намазын жалғыз емес, жамағатпен оқиды;

 2.  Күні бойы дәретпен жүреді. Бұзылып кетсе, дереу жаңалайды;

 3. Түнде тұрып аз болса да, намаз оқуға талпынады.

 4. Таң сәресінде бірнеше рет болса да «Астағфируллаһ» деп Алладан кешірім тілейді;

 5.  Үйден шығарда және үйден шығарда «Бисмиллә» деп дұға етуді ұмытпайды;

 6.  Мисуак қолданады;

 7.  Өзі сәлем береді, өзгелердің сәлемін алады. Жолда жүру әдебін сақтайды. Жолдың ақысын береді. Жолдың ақысы – харам нәрселерге көз жүгіртпеу, жұртты ізгілікке шақырып, жамандықтан тойтару;

 8.  Өз аулының мешітіне бір соқпай өтпейді:

 9.  Әр күні аз болса да белгілі бір мөлшерде Құран оқиды;

 10. Еңбексіз қарап отырмайды. Еңбек етіп ақша табады. Отбасы, бала-шағасына жақсылығын садақа етеді:

 11. Әрдайым білімін арттырып отырады. Кітап оқиды, жақсы бір уағыздар тыңдайды;

 12. Шамасы келгенше Алла жолында жақсылық жасайды;

 13. Харамға қарамайды, харамды тыңдамайды, харамды ұстамайды. Тілін күнәдан сақтайды;

 14. Көрген-білген оқиғаларынан өмірлік сабақ алады;

 15. Ата-анасының ризалығын алатын іс жасайды;

 16. Туыстық байланысын күшейтеді. Ауруларды зиярат жасайды...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: