Кез келген қиын жағдайда Алла Тағаланың әл-Хади екенін ұмытпаңыз

Кез келген қиын жағдайда Алла Тағаланың әл-Хади екенін ұмытпаңыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Өзін көркем Есімдер және атрибуттармен атаған, сол арқылы біз Оны танып-біле аламыз. Өзінің көркем Есімдері арқылы Алла Тағала Өзінің  жаратқандары мұқтаж болып келетін қасиеттерді көрсетеді.

Бәріміз де ризыққа мұқтажбыз, Алла – ар-Раззак – Ризық Беруші. Біз қорғанышқа мұқтажбыз, Алла – әл-Хафиз – Сақтаушы, Қорғаушы. Біздің барлық мұқтаждарымызға Алланың шексіз ұсынымдары бар.

Біз Алланы Оның жаратқандары арқылы танып-білеміз, бірақ кейде өзіміздің кемшіліктерімізге көңіл қойып, өз әрекеттерімізге талдау жасағанымыз жөн. Біздің барлық мәселелеріміздің шешімі тек Аллаға ғана аян. Бастысы, сену, күш-жігер жұмсау.

Әрқашан таңдаған жолында нық тұратын, өмірден өзіне не қажет екенін әрі оған қалай қол жеткізуге болатынын білетін бір адамның оқиғасын келтірейік. Алайда күндердің күнінде оның барлық ісі құрдымға кетеді. Оның алдында 3 қиын таңдау тұрады: жасап жүрген ісін жалғастыру, бәрінен бас тарту немесе өз мүмкіндіктерін қайта қарап шығу. Сол кезде ол Алланың әл-Хади Есімінің бар екенін есіне алады. Құндылықтарды қайта қарап шығу, Алланың көмегіне иман келтіру оның жоспарларының құрдымға кеткен кездегі құлазушылық сезімінен құтылуға көмектесіп, Аллаға жақын болып, Оның мейірімі мен қолдауын сезіне білді. Бәрінен құр алақан қалған жағдайда мүмін адамға торығуға болмайды, ол Алланың көмегінен үмітін үзбеу керек. Сонда Алла Өзін әл-Хади – тура жолмен Жүргізуші, Хақ жолды Көрсетуші екендігін білдіреді. Алланың Нұрына бөленген өмір өзгеріп шыға келеді.

Әлдебір істі бастағанда айқын мақсатта болып, бірақ сол мақсатқа жету жолында шалыс кетіп, адасып жатсақ, өзімізді құрдымға кеткендей боп сезінетініміз белгілі жайт. Негізінде, басшылардың ең жақсысы Аллаға сенім артсақ, жолымыздың соңында біз үшін қайырлы болып табылатын нәрсеге қол жеткіземіз, өйткені Алла – Білуші.

Әрбір қиын жағдайға душар болғанда Хақ Жолмен Жүргізуші – әл-Хади Аллаға тәуекел етіңіздер.

Алла Тағала Құдси-хадисте былай айтқан: «Уа, Менің құлдарым, Мен тура жолға салғандардан басқаларың адасудасыңдар, сондықтан Менің өсиетімді іздеңдер, Мен сендерді тура жолға саламын» (Мүслим).

Жаратушы  Алла Өзі қараңғы түнектен жарыққа алып шығатын болса, қараңғыдан шығар жол жоқ деп кім айтты?

Мысалы, біз суға батып барамыз делік. Кімді көмекке шақырамыз? Құтқарушыны, әрине.  Алла кез-келген салыстырудан артық. Егер біз Оның көмегін іздейтін болсақ, Алла бізді қараңғы түнекте ұзаққа қалдырып қояр ма екен?

Алла басшылық беріп, Тура Жолмен жүргізеді. Бұл нені білдіреді?

Алланың әрбір адамға деген жоспары бар екенін мойындауды білдіреді. Оның басшылығынсыз бізді қалдырмасын деп Аллаға жалбарынуымызды білдіреді. Біз истихара нәпіл намазын оқу арқылы Алладан кеңес сұрауымыз керек және Ол бізге беретін мүмкіндіктерді қолдануымыз қажет. Өз мақсаттарыңызды қайта қарап шығып, адамдардан ақыл-кеңес сұраңыз да шешімді табуға қажетті қадамдар жасаңыз. Алла Тағала былай айтқан: «Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас Алла жақсылық істеушілермен бірге (29:69).

Біз тынбастан іздеуіміз керек. Бұл оңай емес, не істерімізді білмей, абыржып қалатын кездеріміз де болуы мүмкін, бірақ Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан ғой: «Ақиқатында, сабырмен жеңіс, бақытсыдықпен қуаныш,  қиыншылықпен жеңілдік келеді» (Тирмизи).

Тек Алла Тағалаға толықтай сенім артып, Оған тәуекел еткенде ғана – Ол бізді Хақ жолдан тайып кетуімізге мүмкіндік бермейді.

«Ал енді Аллаға сеніп, Оған жабысқандарды өз тарапынан мәрхамет және ілтипатқа бөлейді де, өзіне баратын тура жолға салады» (4:175).

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: