Елбасы: Астана - қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі

Елбасы: Астана - қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу күллі қазақстандықтардың еңбегі екендігін айтты. Бұл туралы ол Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында орналастырылған видеода мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстанды, еңселі елорда - Астананы салдық. Бұл күллі қазақстандықтардың еңбегі. Бұл қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі болды. Сондықтан да мен осы идеяны қолдаған барлықтарыңызға алғыс айтамын. Біз жаңа елордамызды сала алдық, енді оның 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Барлық астаналықтарға жақсылық пен береке-бірлік тілеймін», - деді Елбасы.


inform.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: