Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін қайта атау туралы қаулы етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Төменде жарлықтың мәтіні көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын.

2. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;
  • осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 22.02.1999 ж. № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: «ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «ҚР Қоғамдық даму министрлігі;».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 маусым №707

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: