Бас мүфти: Рамазан - ақыл-сананың да сыналар сәті

Бас мүфти: Рамазан - ақыл-сананың да сыналар сәті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Нұр Астана» орталық мешітінде жамағатпен бірге ауыз ашып, тарауық намазына қатысты. Намазға жиналған жамағатты рамазан айының келуімен құттықтаған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Бүкіл әлем мұсылмандары бүгін рамазанның алғашқы күніне кірісіп, құлшылықпен Алла Тағаланың ризалығы үшін ораза тұтып жатқан осы бір ұлық сәттерде сіздерді, жамағатымызды, елімізді, жұртымызды тағы да ұлық ай - рамазанның кіруімен шын жүректен құттықтаймын. Рамазан – сынақ айы. Пенде Алланың берген нығметін қаншалықты Оның ризалығына арнай алатыны сыналады. Жан дүниесі мен ниетін қаншалықты бағыштай алатыны, кіршіксіз тазалық, шынайы ниет және адамның ақыл-санасы да сынаққа түсетін ай», – деді.

Тарауық намазынан кейін Бас мүфти бата жасап, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға етті.

muftyat.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: