Алла қаласа, тағы бір күн...

Алла қаласа, тағы бір күн...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Міне, қайтадан бір жаңа күн басталды, біз қайтадан күйбең тіршіліктің, күнделікті мәселелердің, даулардың, реніштердің және жаңа шыққан күн өзімен ала келген барлық нәрсенің тұтқынына айналамыз.

Айнадағы әп-әйбат түрімізге қарай салып, жұмысқа не болмаса кезекті кездесуге жүгіре жөнелеміз. Ал шашымызды жөндеп не болмаса иегіміз дұрыс қырылды ма, жоқ па, немесе Алла Тағаланың бізге берген көркем бейнесіне тамсана қарау мақсатында айнадағы өз бейнемізге қарамағалы көп болған да шығар?..

Осы таңда Алла Тағалаға разы болудың 10 себебі:

1. Сен ұйқыдан ояндың. Алдыңда игі амалдар жасап, жасаған күнәларыңа тәубә жасайтын тағы бір күн тұр. Ал кейбір пенделер бұл күнді көре алмай, көз жұмды...

2. Төсектен ауырмай-сырқамай, жағымсыз сезімсіз тұрдың. Саған күш-қуат пен денсаулық берген Оған шүкірлік айт, өйткені бір пенде жазылмас дертке ұшырап, төсек тартып жатыр...

3. Душ қабылдап, сергіп аласың. Ал бір жерлерде ауыз су да тапшы...

4. Азық-түліктен қалағаныңды аласың. Жер бетінде қаншама миллион адам тамақсыз үнемі аш құрсақта жүргенін сен білесің бе?

5. Алла Тағала саған иіс-дәм сезу қабілеттерін берген, сен жеген тамағыңнан рахат аласың — кейбір адамдар дәм сезбейді, олардың тамақтануы формалды түрдегі жеу ғана...

6. Алла саған күннің шығуы мен батуын, таулардың шыңын, көз тартар әдемі гүлдерді тамашалауға мүмкіндік берді. Осындай сұлулықты көрмей қалай өмір сүрер едің? Ал қаншама адам Алла Тағала жартақан сұлулықты көру мүмкіндігінен айырылып, зайып болған...

7. Құстардың сайрап салған әнін, теңіз толқынының шуылын, жаңбырдың тамшылап жауғанын сен ести аласың... Ал саңырау адамдардың неден айырылғанын сен түсіне алар ма екенсің?

8. Сен ұлыңның сыңғырлап күлгеніне қуанасың, қызыңның жұмсақ шашын сипайсың, бірақ Алла Тағала кейбір адамдарға өз балаларын бағып-қағу бақытынан айырған. Қаншама нәзік жандар ана болу бақытына қол жеткізе алмай жүр...

9. Жұмыс күнінен кейін сен тәтті ұйқыға кетесің, ал басына қиын-қыстау күн туған әлдекім мүлкін жоғалтып алудан қорқып әрі шешімі табылмаған мәселелерден басы қатып, тіпті бір минут та тыныш ұйықтай алмай жүр. Сен олар туралы бір сәт болсын ойланып көрдің бе?

10. Жаратушы саған Оған разы болу, Оны дәріптеу, мадақтау бақытын нәсіп еткен, ал басқа біреу болса, Алла Тағаланың бар екенін, Қиямет күнгі болар сұрақтың бар екенін біле тұра, оны бұл фәни дүние қамы Жаратушы Жалғыз Алланы еске алудан алыстатқан. Алла оған дұға жасап қолын көтеруге, көзінен жасын ағызып шын ниетімен тәубә жасауға не болмаса Әлхамдулиллә, СубханАлла, Лә иләһа иллә Лләһ деп айтуға мүмкіндік бермеген...

Ал ертең, егер Алла қаласа, бізді тағы да бір күн күтетін болады ...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: