Жынысын өзгерту туралы Исламда не айтылған?

Жынысын өзгерту туралы Исламда не айтылған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жынысты өзгерту үшін жасалатын отаға Ислам діні қалай қарайды? Хирургиялық жолмен еркектің жынысын — әйелдің жынысына, ал әйелдің жынысын еркектің жынысына өзгерту туралы біздің асыл дінімізде не айтылған?

Исламда жынысты медициналық процедура арқылы және ота жолымен өзгерту өте үлкен күнә болып табылады.

Ибн Аббас (р.а.) былай айтқан: «Алла әйелдерге ұқсаған еркектерді, ал еркектерге ұқсаған әйелдерге лағынет жаудырған» (Сахих әл-Бұхари).

Физикалық белгілеріне қарай әйел немесе еркек жынысты болып табылатын адамға өзінің мінез-құлқын немесе сыртқы бейнесін қарама-қарсы жынысқа ұқсатып өзгертуіне қатаң тыйым салынған. Ал бұлай жасайтын адамдар, Алла Елшісінің (ﷺ) қарғысына қалады: «Денені әшекейлейтіндерге және денелерін әшекейлеткізетіндерге, …, сұлулық үшін тістерінің арасын ашқызатындарға және Алланың жаратқанын өзгертетіндерге Алла лағынет айтқан» (Сахих әл-Бұхари).

Егер жай ғана тістердің арасын ашқызу Алланың жаратқанын өзгерту болып табылып және Алланың әрі Оның Елшісінің (ﷺ) лағынетіне әкеліп соғар болса, онда жынысты өзгерту сияқты маңызды ота арқылы адам өзіне Алланың қандай қаһарын тудыратынын елестетіп көрудің өзі қорқынышты. Алла жақсы біледі. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: