Қыз-келіншектерге қатысты хадистер

Қыз-келіншектерге қатысты хадистер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыз-келіншектің дербес құқықтылығы

Әбу Хурайра, ол кісіге Алла разы болсын, Алла Елшісінің, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Уа,  Алла, асылында, екі әлсіздің: жетім мен әйелдің құқықтарына қысым жасауға тыйым саламын!» (Ахмад, Ибн Маджа, әл Хаким)

Оның кемшіліктеріне кешіріммен қарау керек

Әбу Хурайра, ол кісіге Алла разы болсын, Алла Елшісінің, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Мүмін ер мүмін әйелді жек көрмейді. Егер мүмін ерге мүмін әйелдің бір қылығы ұнамаса, ол оның басқа қылығына разы болады». (Мүслім)

Қыз-келіншекті оның келісімінсіз күйеуге беруге болмайды

Әбу Мұса әл-Ашари, ол кісіге Алла разы болсын, Алла Елшісінің, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Егер кімде-кім қызын күйеуге бергісі келсе, оның келісетіндігін сұрасын». (ат-Табарани)

Ибн Аббас, ол кісіге және оның әкесіне Алла разы болсын, Алла Елшісінің, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Тұрмыста болған келіншектің оның қамқоршысына қарағанда анағұрлым құқығы басымырақ, ал қыз тек қамқоршысымен ақылдасқан соң ғана тұрмысқа шыға алады, оның үндемеуі — оның келіскені болып табылады». (Мүслім)

Хадистің енді бір нұсқасында былай айтылған: «Тұрмыста болған келіншекке қамқоршысының билігі жүрмейді, ал жетім қыз тұрмысқа онымен ақылдасқан соң ғана шыға алады». (Әбу Дәуд, ан-Насаи, Ибн Хиббан)

Балаларды тәрбиелеп әрі оларға қамқор болғаны үшін сый берілуі керек

Айша анамыздың, ол кісіге Алла разы болсын, былай айтқаны келтірілген: «Бір күні екі қызы бар қайыр сұраған әйел келді, алайда менің оған бір құрмадан басқа берер ештемем болмағандықтан, соны бердім. Ол болса құрманы екіге бөліп, екі қызына берді, өзі дәм де татқан жоқ, содан кейін олар тұрып шығып кеткенде, Пайғамбар, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, келді. Мен оған осы жайтты айтып бердім, сонда ол: «Осы қыздар өздері сынақ болып берілген адамын Тозақ отынан сақтайтын болады», - деп айтты. (Бұхари, Мүслім)

 

 

Ананың құқығы

Әбу Хурайра, ол кісіге Алла разы болсын, Алла Елшісіне, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, бір адамның келіп, былай сұрағанын келтірген: «Уа, Алла Елшісі, адамдардың ішіндегі қайсысы ең жақсы қарым-қатынасқа лайық?» Пайғамбар, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын: «Сенің анаң», - деп жауап берген. Ол сұраған: «Одан кейін кім?» Пайғамбар, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын: «Сенің анаң», - деп жауап берген. Ол сұраған: «Одан кейін кім?» Пайғамбар, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын: «Сенің анаң», - деп жауап берген. Әлгі адам қайтадан сұрайды:  «Ал одан кейін кім?», - деп. Сонда Пайғамбар, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын: «Сенің әкең», - деп жауап берген. (Бұхари, Мүслім) Күш жұмсаудан аулақ болу

Мүслімнен келген сахихте былай делінген: «Пайғамбарымыз қолымен әйелді де, баланы да ешқашан ұрмаған». Ал оның әйелі Сафия ол кісі туралы былай айтқан: «Ешқашан Алла Елшісіндей көркем мінезді адамды көрмедім». (Ат-Табарани)

Қыз-келіншектердің құқығына деген қамқорлық

Жабир ибн Абдулла, ол кісіге Алла разы болсын, Алла Елшісінің, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Алла сендерге аманат етіп берген қыз-келіншектерге қатысты нәрселерден Алладан қорқыңдар, өйткені оларды өздеріне Алланың сөзі бойынша ғана рұқсат етілген еттіңдер» (Мүслім, Әбу Дәуд)

Ерлердің жақсысы — өз әйелдеріне жақсы түрде қарайтындары Әбу Хурайра, ол кісіге Алла разы болсын, Алла Елшісінің, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім ең үздік мінез-құлқымен ерекшеленсе, соның иманы кемелденген, ал сендердің жақсыларың — өз әйелдеріңе бәрінен де жақсы қарайтындарың». (Ахмад, ат-Тирмизи, Ибн Хиббан)

Қыз-келіншектер білім алуға құқы бар

Әбу Са’ид әл-Худри, ол кісіге Алла разы болсын, бір күні Пайғамбарымызға, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, әйелдердің былай айтқанын келтірген: «Еркектер бізге сенімен сөйлесуге мүмкіндік бермейді, өз қалауың бойынша, біз үшін де бір арнайы күн бөлші!» Сонда ол әйелдерге бір күнді бөлетінін әрі сол күн келгенде олармен кездесіп,  дін белгілеген ұйғарымдар бойынша оларға дұрысын көрсетіп, оң жолға салып отырған» (Мүслім, ан-Насаи, ибн Маджа).

Ұйықтар алдында қандай дұғаны оқу керек?
Ұйқы — Алла Тағаланың Өз пендесіне берген мейірімінің бірі, ұйқы кезінде адам тынығып әрі әл жиып алады. Ұйқы – Алланың бізге сеніп, тапсырған аманаты, ендеше, Алланың бізге берген басқа да аманаттарын қорғағанымыздай біз өз ұйқымызды да шайтанның зұлымдығынан көзіміздің қарашығындай қорғағанымыз абзал. Ұйықтар алдында қандай дұғаларды айтқанымыз жөн? Екі алақанымызды бір-біріне қосып, оған үрлеп, келесі сүрелерді айтуымыз керек:

 1. Аят «әл-Күрсі». Аят әл-Күрсіні оқыған адам таң атқаннан кеш батқанша, кештен таң атқанша жындардың зиянынан қорғалады. Жан тыныштығына кенелі үшін бұл аятты ұйықтар алдында 3 рет оқыған жөн.  

Әли (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтқан: «Ұйықтар алдында аят әл-Күрсіні айтпайтын мұсылмандарды түсінбеймін. Егер сендер бұл аяттың ұлылығын білгенде, оқымай қоймас едіңдер, өйткені ол біздің Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Аршы қазынасынан түсірілген ғой.  Аят әл-Күрсі Мұхаммедке (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дейін келген пайғамбарлардың ешбіріне түсірілген емес. Аят әл-Күрсіні 3 рет оқымай мен түнде ұйқыға жатпаймын

بِسْمِ اللهِ الرّحْمَنِ الرّحِيمِ اللّهُ لاَ إِلَـهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ

«Алла тағала, Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктегілер және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдындағыны да, арттарыңдағыны да біледі. Олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор!».

2. «Ихлас» сүресі. بِسْمِ اللهِ الرّحْمَنِ الرّحِيمِ قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ . اللَّهُ الصَّمَدُ . لَمْ

 يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُوًا أَحَدٌ

«(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Алла, біреу ақ. Алла мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж) Ол тумады да, туылмады. Әрі оған ешкім тең емес» (Құран, 112).

3. «Фәләқ» сүресі. بِسْمِ اللهِ الرّحْمَنِ الرّحِيمِ قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ . مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ . وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ «(Мұхаммед Ғ.С.): «Таңның Раббына сиынамын, «Жаратқан нәрселерінің кесірінен, Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен,

«Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен, Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын)» де» (Құран, 113).

4. «Нас» сүресі. بِسْمِ اللهِ الرّحْمَنِ الرّحِيمِ قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ . مَلِكِ النَّاسِ . إِلَهِ النَّاسِ مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ . الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ . مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ

«(Мұхаммед Ғ.С.): «Адамдардың Раббына, Адамдардың иесіне, Адамдардың Тәңіріне, Сыбырлап азғырушының кесірінен, Сондай адамдардың көкейлеріне салатын; Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де». (Құран, 114).

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде жоғарыда айтылған сүрелерді оқып, алақанына үрлеп әрі сол алақандарымен бетінен бастап басын қоса үш рет сипаған адам таң атқанша барлық жамандықтан қорғалады делінген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: