Ясин сүресінің пайдалары

Ясин сүресінің пайдалары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Хадис шәрифте былай делінген:

«Құран кәрімде бір сүре бар, оған Алла дәрежесінде «Азыйма» делінеді. Бұл сүрені оқыған адам қиямет күні көптеген адамдарға шапағат етеді. Бұл сүре – Ясин сүресі».

Ясин сүресін оқудың біршама пайдалары:

1) Ажалы келмеген науқас шипа табады.

2) Ажалы келген науқас өлім азабын тартпайды.

3) Өлген кезде жәннат періштелерін көреді.

4) Адам қорыққан нәрсесінен сақ болады.

5) Мұқтаждар жәрдемші табады.

6) Аш адам тоқ болады. Яғни күтпеген жерден ризық келеді.

7) Сусыз қалған адам қанғанша дейін жететін су табады.

8) Бойдақтардың үйленуі оңай болады.

9) Киімі болмаған адам киім табады.

10) Жоғалған нәрсе табылады.

Бірақ осыған ниет етіп және сеніп оқу керек.

Имам Шарани былай деген:

«Ауруымнан жазылсам немесе пәлен жұмысым жүріп кетсе, сауабын хазіреті Сәйидәт Нәфисаға бағыштау ниетімен үш Ясин сүресін оқу немесе бір қой сою нәзірім (атағаным) болсын десе, осы тілегінің қабыл болатындығы көп рет тәжірибе етілген.»

 

Мұхаммед пайғамбар () : «Менің қалауым осы сүренің, яғни Әл-Мүлктің әрбір мүміннің жүрегінде болғанын қалаймын (яғни бұл сүрені әрбір мұсылман жатқа білуін меңзеп тұр)».

«Құранда 30 аяттық сүре бар. Ол сүренің Қиямет күні араша түсуі адамды Тозақ отынан сақтап, Жәннатқа кіргізеді. Бұл – Әл-Мүлк сүресі».

«Кімде-кім Әл-Мүлк сүресін ұйқыға жатардан бұрын оқыса, 30 сауап жазылып, 30 күнәсі кешіріледі, дәрежесі 30 есе өседі. Алла Тағала ол адамға бір періштені жібереді. Ол өзінің қанаттарын сол адамның үстіне жайып, тұрғанға дейін оны барлық жамандықтан қорғайды».

«Марқұмды қабірге жатқызғаннан кейін азап періштелері оның аяқ жағынан келеді. Сонда аяқтары айтады: «Мұнда жол жоқ. Бұл адам түнде ұйқысынан тұрып, Әл-Мүлк сүресін оқыды». Періштелер басына келгенде, тілі айтады: «Сендер бұл жерге тиісе алмайсындар. Ол менімен бірге Әл-Мүлк сүресін оқыды».

1.«Фатиха» сүресі – Алланың қаһарынан қорғайды.
2. «Иә-Сиин» - қиямет күні шөлден құтқарады.
3. «Духан» - Қиямет күні болатын қорқыныш пен үрейден құтқарады.
4. «Уақиға» - кедейлік пен мұқтаждықтан,
5. «Мүлк» - қабір азабынан сақтайды.
6. «Кәусар» сүресі - өзгелердің жек көруінен сақтайды.
7. «Кәфирун» - ақыреттегі өмірге сенбей, кәпір болып өлуден,
8. «Ықылас» - екіжүзділік пен өтіріктен сақтайды.
9. «Фәләқ» - көз тию мен дуадан,
10. «Нәс» сүресі - шайтанның азғыруынан (сыбырлауынан) қорғайды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (57)

Оқи отырыңыз: