Тараз шаһарының 30-шы мешіті ашылды

Тараз шаһарының 30-шы мешіті ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы, «Қант зауыты» аймағында қала бойынша 30-шы мешіттің ашылу салтанаты болып өтті. «Құрал қажы» аты берілген мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Әлимұхаммедұлы және Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл ат басын тіреді.

Салтанатты жиында қала имамы Қанат Жұмағұл қасиетті Құран аяттарын оқыса, өкіл имам Данияр Жұмабаев сөз сөйлеп, басқосудың шымылдығын ашты.

Данияр Әлимұхаммедұлы өз сөзінде руханият ордасы болып табылатын мешіттің қоғамымызда алар орны ерекше екенін айтып өтті. Жалпы жақсылық атауға мұрындық болатын Алла Тағаланың үйлері біздің Таразда көптеп салынып жатыр, руханиятқа толы Алланың жердегі үйі мешіттерде қарияларымыз ғибадат құлшылығын жасаса, намаз оқу мен қатар тәлім тәрбие үйренетін болса, бұл еліміздің кәміл болашағының кепілі болмақ. Аталмыш мешітке Муфти Хазреттің бұйрығымен Төленді Оспанов имам болып тағайындалды.

Өкіл имам Жұмабаев Данияр Алла үйіне Құран кітабын сыйға тартты. Мешіттің бой көтеруіне Барысбек Зиябекұлы Палуанов демеушілік етті.

Жергілікті жамағаттың қуанышымен бөліскен имамдарымыз өз сөздерінде  жалпы мұсылман баласының құттықтап, ислам дініне көрсеткен қызметтерінің Алла Тағала тарапынан қабыл болуын тіледі.

"Исламның негізгі символы болған мешіттеріміздің қазақ даласында саны артып ықыласты мұсылман саны мен бірлігі арта беруін тілейміз" - дейді олар.

Айта кетейік, мешітке есімі берілген Құрал қажы Туашбай 1885 жылы дүниеге келіп, он екі жасында  Бұқараға білім алуға барып, аталмыш жерде он үш жыл білім алып жиырма бес жасында елге оралған.

1953-1966 жылдар аралығында "Әулие ата" мешітінің бас имамы қызметінде болған. Туашбай Құрал қажы  Алланың өлшеп берген өмірін дін жолына арнап 1968 жылы дүниеден өтті.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: