Оңтүстік Корей мұсылмандары жайлы не білесіз? (ФОТО)

Оңтүстік Корей мұсылмандары жайлы не білесіз? (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінде оңтүстік корейлік мұсылмандар жалпы халықтың тек 0,2% ғана құрайды. Атса да, Оңтүстік Корей өз есіктерін мұсылман туристтеріне қуана ашуда. Елдегі бұл жағдайды Қытайдан келетін туристтер санының күрт төмендеуімен түсіндіруге болады.

Мұсылман туристтерінің саны соңғы жылы 33% пайызға артып, 2017 жылдың соңына дейін 1,2 млн адамға жетеді деп жоспарлайды Корей туризм мекемесі.

Аталмыш экономикалық басымдылықты іске асыру үшін ел Үкметі беріліп жатқан Халал сертификаттар мен олардың жарнамасын кеңінен қолдауда.

Ислам мен Корей түбегінің өзара ортақ тамсану және қызығушылық таныту тарихы тереңнен тамыр алады. Байланыс 9-шы ғасырдағы Жібек Жолы кезеңінен заманауи әлемге дейін сақталған. Ертенден үрдіс болып қалыптасқан су жолдары арқылы жасалатын саяхаттар себебінен бүгінде корей мұсылмандарының жас ұрпағы Ислам діні мен Корей ділі арасында өз жолын табуда.

Ислам дінін кеңірек насихаттау мақсатында Малазия елінен түскен қайырымдылық пен Корей Үкметінің қолдауының себеінен 1976 жылы ел астанысында Оңтүстік Корей орталық мешіті Сеул мұсұлмандарына пайдалануға берілді.

Жаңа мешітке келген Al Jazeera корреспондеті Корей мемлекетіне жасалған кезекті іс-сапары кезінде ел мұсылмандарымен кең сұқпат өткізген болатын. Сұқпат барысында корейлік жамағат конфуцилік қоғамның ықпалынан пайда болған жас және әлеуметтік сананттарға бөліну, алкаголді мөлшерден тыс пайдалану мәдениетінің қалыптасуы мен Ислам тарихына деген сенімсіздік сынды мәселелері бар ортада өмір сүрудің қиыншылықтарын баяндады.

Сафия Канг есімді Сеул тұрғыны қаланың орталық мешітінде есепші болып жұмыс жасап жүріп Ислам дінін қабылдады. Сеулдық мұсылман қарындасымыз, - «Бастапқыда мен өз достарым сияқты Исламнан бейхабар едім. Маған Ислам қоқыныш пен үрей тудыратын. Бірақ бойымдағы қызығушылық жеңіп, Ислам туралы көбірек білуге тырыстым. Жаратушы Хақ Алла Тағалағы, Оның ақырғы пайғамбар Мухамед (с.ә.у.) өмірі мен өнегесіне, Исламның нұр шашқан тура жолына сеніп, Ислам дінін бүкіл болмысыммен қабылдадым», - дейді.

Корейлік азамат 1975 жылы Сауд Арабиясында құрылыста жұмыс жасаған (Жалпы 70-ші жылдары корей азаматтары жұмыс табу мақсатында королдікке еңбек ету мақсатында барған). Ли Донг Чо Исламды қабылдап, елге 1981 жылы ресми түрде есімін Мұстафаға ауыстырып оралды.

Омар Даэсик Чой – корей мұсылмандарының жаңа толқынынан рухани демеу алып, Исламды ел ішінде әлеуметтік желілер арқылы таратып жүрген азаматтардың бірі. Ол Халал сертификаты бар ресторандарды жарнамалаумен және мұсылмандарға қызмет көрстететін орындардың брендін қалыптастырумен айналысады.

Корейлік мұсылмандар өз елінде саны жағынан аз болса да, Исламның таралуы жолында сапалы қызмет атқаруда. Жауапкершілікті сезінген әрбір корей мұсылманы адал қызметтің маңыздылығын сезініп, Ислам әлемінің айнымас бөлігіне айналып келеді.

  

asyldin.kz


 

«Ақиқатында, Раббым құлдарының арасынан қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының (ризығын) шектеп қояды. Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның (жұмсағандарыңның) орнын қайта толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы». («Сәба» сүресі, 39-аят)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: