Қайырымдылық жәрмеңкесі жалғасуда

Қайырымдылық жәрмеңкесі жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен айлық қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Шәкірттер мен мешіт қызметкерлерінің атсалысуымен өткен жәрмеңкеде  арнайы тапсырыспен жасалған шығыс тәттілері сатылымға қойылды.

Жұма намазын тәмәмдап шыққан жамағат игі амалдарын қайырымдылыққа деген жомарттықтарымен жалғады. Жақсылықтың бастауына ниет етілген бұл жобаны ұйымдастырушыларға «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл өз алғысын білдірді.

"Қайырымдылық шарасына өз үлесін қосқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Еске сала кетейік, мұның алдындағы қайырымдылық жәрмеңкесінен 5 отбасыға қаржылай және азық-түліктей жәрдем берілген болатын. Яғни, қайырымдылық жәрмеңкесінен тағы да аз қамтылған отбасыларға көмек берілетініне сенімдіміз. Мұндай шаралар жалғасын таба берсін"- дейді бас имам.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: