Мутазила, жабрия және атеист

Мутазила, жабрия және атеист

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Ағзам хазреттеріне үш адам келеді. Біреуі атеист, екіншісі мутазила сектасының, үшіншісі жабрия сектасының өкілі. Атеист былай деп сұрақ қояды: «Алла бар дейсің, ал бар болған нәрсе көрінуі керек. Бар болса, дәлелдеп бер».

Ақылдысымақ болған мутазила сектасының өкілі болса былай деп сұрайды: «Жаһаннамда отпен азап беріледі. Ал, шайтан оттан жаралған. Шайтанға от қалай әсер етпек? От отты күйдіре ме?

Жабрия сектасының өкілі де былай дейді: «Сен ирада-и жузия бар, адам тағдырана мәжбүр емес, еркіті дейсің. Барлық нәрсенің жаратушысы Алла жазған болса, адам неге есеп-жауап береді?»

Имам Ағзам хазіреттері жерден үш уыс нәмді топырақ алып домалатып әрқасысын бір-бірден ұрып шығады. Қазы Имам Ағзам хазреттерінен неге балшықпен ұрғанын сұрайды.

Имам Ағзам хазреттері былай деп жауап береді:

Бұлар маған сұрақ қойды мен де оларға жауап бердім. Атеист Алла бар болса, бар болған нәрсе көрінуі тиіс деген еді. Топырақ басымды ауыртты деді, ауру бар екен олай болса, ауруды көрсетуі керек. Ауруын көре алмаған адам Алланы қалай көреді! Атеисттің ақылы жоқ, бар болса, көрсетуі керек. Рух та ақыл сияқты көрінбейді, бірақ жасағандарынан аңғарылады. Ғалымның бар болуы да оның бір жаратушысы бар екендігін көрсетеді.    

Мутазила болса, өзі топырақтан жаратылған болса да топырақтан таяқ жеді. Топырақ топырақтан әсерленгені сияқты от та оттан әсерленеді. Темір кесетін ара темірді кескені секілді от та отты күйдіреді.

Жабрия болса, барлық істі Алла жасатады деген еді. Олай болса, ол топырақты мен емес Алла лақтырды. Неге онда маған шағымданады? Ол осы шағымдануымен өз өтірігін өзі ашқан болды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: