Бірлік ауылында Құран жарысы өтті

Бірлік ауылында Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деп өсиет еткен. Осы бір ұлағатты сөзді жүзеге асыру мақсатында,  Шу ауданы, Бірлік ауылының молдасы Медет Жұматаевтың ұйымдастыруымен жаңа ашылған қос мұнаралы Бірлік мешітінде бүлдіршіндер арасында құранды мәнерлеп оқудан және шариғат үкімдері бойынша 100 сұрақтан жарыс өтті. 

Жас бүлдіршіндерді ынталандырып, білімдерін, имандарын арттыру, қасиетті Құранның қадір-қасиетін ұғындыру, шәкірттерді шыңдау мақсатында өткізілген жарыс тартымды да әсерлі өтті.                                                                                              

Шу аудандық "Төле би" мешітінің найб имамы  Т.Сейткереев  Құран оқудың артықшылығы, оның адам өмірінде алатын орны мен мәні, мақсаты жайлы кеңінен түсіндіріп өтті.

Жарысқа 20 бала қатысты. Оның ішінде 10 ұл бала, 10 қыз бала. Сайыс барысында әр бүлдіршін өздерінің озат екендерін дәлелдеп, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Шараға қатысушы балаларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында жарысқа қатысқан балаларға дастархан жайылып ас берілді. Бірлік ауылының ақсақалдары мен мешітке келген ата-аналар, осындай игі іс-шараға дән ризалықтарын білдіріп, ауыл молдасы Медет Жұматаевке рахметін айтып өз баталарын берді.

                                     Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: