Жан деген не нәрсе?

Жан деген не нәрсе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазірге дейін жанды ешкім толық түсіне алмады. Оның «салмағы», «бойы», «ені», қандай екендігі беймәлім. Бірақ, оның бар екендігіне ешкім күмәнданбайды.

Мысалы, жанның құдіреттілігі соншалық, жартас арасынан өмір дәнегі бұйырған өсімдік жартасты жарып шығып, өсуін жалғастыра береді. Бір құдіретті күштің ықпалымен айналадағы жансыз заттар мен денелерге сый ретінде берілген тіршілік ‑ осылай түрлі-түсті бейнеде таңғажайып шеберлікпен көрініс табуда. Мәселен, көзге көрінбейтін бір плазманы алайық. Өзі мөп‑мөлдір, жыбырлап қана әрекет етеді.

Бір қызығы, бұл клетка осы әрекеті арқылы «өмір» деген ұғымды паш етуде. Осы титтей ғана тамшыдағы күш-қуат бүкіл өсімдік, жануарлар мен адамдардың күш-қуатынан да орасан. Себебі, бүкіл тіршілік содан шығады.

Ал бұл тіршілікті жаратқан табиғат емес. Өйткені тау-тастың, теңіздің мұндай нәрсені жаратуға күші жетпейді. Мұны тек бүкіл әлемдерді жоқтан бар еткен Ұлы Жаратушы ғана жарата алады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: