ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ОҚО-ның Ордабасы ауданына қарасты Жусансай ауылының дүкен­дерінде арақ пен темекі мүлдем сатылмайды. Елді мекенде ішімдік сатуды қа­лай қойдырғанын ауыл биі Әб­ду­ә­лі Еркінбек­ұлы Замана басылымына айтып берді еп жазады NUR. KZ.

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

«Арақ – атамыздан қалған ас емес. Барлық жамандық атаулы мен қылмыстың арақтан бас­талатыны белгілі. Оның денсаулыққа да зияны көп. Осы жағын ойлана келе, біраз қариялар мен мешіттегі жамағат ақылдасып, дүкендерде арақ пен темекі сатылмасын деп бастама көтердік. Ондағы мақсатымыз – салауатты өмір салтын ұстанып, жас­тардың бойына имандылық ұялату болатын. Мұны ауыл тұрғындары бір­ауыздан қолдады. Өз басым сөзімізді жерге тастамағаны үшін дүкен иелеріне ризамын. Ауылда ішетіндер жоқ деп өтірік көлгірсімей-ақ қояйын, әлі де бар. Бірақ бұ­рынғыға қарағанда әлдеқайда азайып қалған. Шынын айту керек, арақты қоя алмай жүрген кешегі кеңестік дәуірде туып-өскендер. Ал кейінгі жастар арасында арақ ішетіндер мүлдем жоқ. Той-томалақты да арақсыз өткі­зіп жатқан үйлер бар», - дейді қария.

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

Әбдуәлі Еркінбекұлы ауыл биі болғандықтан, кей мәсе­ле­лерді сотқа жеткізбей ше­шіп отырады екен. Ол кісі ауылда арақ сатылмайтын бол­ғалы бері, отбасылық ұрыс-керіс, қылмыс, шаңырақтың шайқалуы да азайғанын айтады.

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

«Бұрын әйелін тойға ертіп апарып, оны біреумен билеп­ қойдың деп қызғанып, оның дауы сотқа дейін жеткен мәселелер болған. Қазір мұн­дай жағдайлар жоқтың қасы деуге болады.  Тіпті мекеме мен жеке тұлға арасында келіспеушілік болғанның өзінде бірден сотқа жүгінбей, ауыл биіне барайық деп бізге келеді. Ал бидің негізгі мақсаты – екі жақтың арасындағы айтысты әлсірету, екі жақты келісімге келтіру болып табылады. Жіберген қателіктерін бір-біріне тү­сін­діріп, келісімге шақырамыз. Отбасылық ұрыс-керіс, екі адамның арасындағы келіспеу­шілікті де реттеп оты­рамыз», - дейді Әбдуәлі Еркінбекұлы.

nur.kz


Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Үмбетімнен арақты халал деп есептейтіндер болады». Бұхари риуаяты риуаят еткен. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: