МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады. Осындай сауапты істі жүзеге асыру мақсатында Тараз шаһарының мешіттері ауласына көшет екті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсанында дін мен дәстүрді дәріптеу мақсатында кездесу өткізді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде сенбілік жасалды. Бабаларымыз көшпенді өмір сүрсе де, өмір сүру әдеттерінде тазалық басты орында тұрған. Ұлтымыздың ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Сабаз болсаң жердей бол, жер бәрін шыдап көтереді, таза болсаң судай бол, су бәрін жуып кетіреді»,- деп тазалықтың маңыздылығын жырына қосқан.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазын өткізді. Рамазан айы – күллі мұсылман әлемі үшін қасиетті де берекелі ай.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің имамы Исмаилов Қуаныштың ұйымдастыруымен «берекелі жұма» қайырымдылық науқаны өтті. Аталған шарада он бес отбасына азық-түлік үлестірілді. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні "Кеңесхан қажы" мешітінде жамағатқа арналған пәтуә сағаты жасалды. Насихатты "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы, "Пәтуә бөліміне жауапты маман Нұрсұлтан Зұлпыкаров жүргізді.