- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 513
#Жамбыл: Танты ауылында мешіт ашылды
Жамбыл ауданы, Танты ауылында «Танта баба» мешіті ашылды. Мешітті ауыл тумасы Дадабаевтар әулеті салып, елдің құлшылық жасау мүмкіндігіне себепші болды. Мешіт ашылуына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, облыстық және аудандық билер кеңесінің төрағалары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.