ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- Басқы бет
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Каир сотының шешімі бойынша, елдегі мемлекеттік интернет-провайдер YouTube-ті 30 күнге бұғаттайды. Бұған антиисламдық «Мұсылманның пәктігі» фильмінің YouTube-тен алынып тасталмағандығы себеп болған.
Толығырақ...
Нигериялық қыз бала Қасиетті Құранды небәрі 3 жасында бастан-аяқ жаттап алып, әлемдегі ең кішкентай хафиз атанды. Руккайату Фатаху Омар Құранды 8 айдың ішінде толық жаттап алған
Өзі «Аллаға сансыз мадақ айтамын» дегеннен басқа ештеңе айтпайды.
Толығырақ...
Стамбулдың Йеныкапы ауданындағы қазу жұмыстары кезінде ислами жазулар жазылған біздің заманымыздың VIII ғасырына тән көне сүйек табылды. Зерттеуші мамандардың айтуынша, мұндай ислами жазулар жазылған ең көне жасанды жәдігер Стамбулда бұрын соңды еш кездеспеген екен.
Толығырақ...
Орыс ұлтынан шыққан түріктің атақты актрисасы Татьяна Цвикевич Ислам дінін қабылдады. Бұл туралы ол түріктің «Досыма» телебағдарламасының тікелей эфирінде жариялады. Актриса осы бағдарламаның тележүргізушісі Нихат Хатипоглуға осы діни бағдарламаны үзбей көріп тұратынын айтып, өз алғысын білдірді.
Толығырақ...
Каллиграфия - көркем әрі анық жазу өнері. Каллиграфия тарихы қаріп және жазу құралдары, стилистика өнері дамуы тарихымен тығыз байланысты. Каллиграфия оқуға қолайлы ғана емес, сонымен қатар хатқа графикалық эмоционалды-бейнелі ұғым беру мақсатын көздейді.
Толығырақ...
Татарстан мұсылмандары діни басқармасында (ТМДБ) «ТМДБ қажылық» тақырыбында 2013 жылғы қажылықты ұйымдастыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Діни басқарма баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы қажылық сапарына арналған «ТМДБ қажылық» бағдарламасы Татарстан еліндегі қажылыққа қатысты барлық қызмет түрін қамтитын стандартты бағдарлама болып табылады.
Толығырақ...