НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Аллаға сансыз шүкіршілік, қасиетті Рамазан айына да аман-сау жеттік. Айлардың сұлтаны болған Рамазан айына  есендікпен жеткеннің өзі үлкен нығмет. Жаратқан Ием баршамызға осы айдағы жауапкершілікті лайықты түрде атқаруға медет беріп, жәрдем етсін!

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шариғатымыз бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе дейінгі қауымдарға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін сендерге де ораза ұстау парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят), – деп бұйырған.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Халқымыздың түп-тамырынан бастау алатын, өзгеге жанашыр, қайырымды болуға шақыратын ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратын салт пен дәстүр көп-ақ. Біздің қазақ «Қайырымды болсаң, қайырын өзің көресің» деп ізгілік жасауға ерекше мән берген. Өкінішке қарай соның біразы ұмытылып та барады. Біржола жоғалмаса да, біршама ескірген, көп аймақта қолданыстан шығып қалғаны да бар.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Иман мұсылманды тозақтан сақтайды. Мұсылман иманының қуатына қарай қылмыс пен күнәдан бойын аулақ ұстайды. Жүйкесін жұқартпайды, ашуын ақылға жеңдіре алады. Аяқасты тап болатын түрлі қиындықтарға шыдамдылық танытуда оразаның берер пайдасы көл-көсір.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Рамазан – адамның қате-кемшіліктері кешіріліп, ризық-несібелері артатын, парыз емес амалдар жасаса, парыз өтегендей сауапқа кенелетін, ал парыз амалдарды атқарса, жетпіс парыз өтегендей Алланың сый мен сияпатына бөленетін берекелі ай.