- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 9102
Сапар айы (Сафар айы)
Сапар (сафар) айы (арабша: شهر صفر) — мұсылманша күнтізбе бойынша екінші ай, Мухаррам айынан соң келеді. Хиджраның 1435 жылындағы сапар айының басталуы 2013 жылдың 4-желтоқсанына сай келді. “Сапар” сөзінің (арабша: صفر) ай атына қатысты кең тараған екі мағынасы бар:
1) сары, сарғаю: сапар айына атау берілгенде күз болып, айнала сап-сары түске оранған;
2) бос, нөл (араб: сифр): мұсылмандар осы айда Меккеден көшіп кеткеннен кейін қала босап қалған.