#Байзақ: «ЗИЯТКЕР ИМАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

#Байзақ: «ЗИЯТКЕР ИМАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінде «Зияткер имам» тақырыбында ауыл имам-молдаларына семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға Жамбыл облыстық «Хибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және бес аймақ жетекшілері мен бірінші аймаққа қарасты ауыл имам-молдалары қатысты.

Ғалымбек Төлегенұлы: «Тұжырымдаманың маңыздылығы:
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республика бойынша мешіттерде қызмет ететін имамдар арасынан білімі мен біліктілігіне, іскерлігі мен жауапкершілігіне сәйкес жоғары санатқа іріктеу үшін дін қызметкерлеріне қойылатын бірқатар талаптар мен ережелер қамтыған «Зияткер имам» құжатын әзірледі. «Зияткер имам» тұжырымдамасы заман талабына сай зияткер имам деген мәртебеге лайықты дін қызметіндегі мамандарды іріктеу мен оларға мәртебе беруді көздейді. Сонымен қатар мешіттерде қызмет жасайтын имам-ұстаздардың жасампаз, діни мәселелерді үйлестіруді шебер меңгерген білімді, білікті, үлгілі, іскер, діни ағартушы маман болуын мақсат етеді», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: