Қордай мешітіндегі сенбілік

Қордай мешітіндегі сенбілік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көктем келіп, суық кетіп,  қар еріп,  адамдардың да көңілдері жадырай түсті.Күннің жылуымен ақ Қордайлықтар өз жерлерін, аулаларын  абаттандыруға және көгалдандыруға кірісіп кетті. Осы сенбіде аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері мен жамағаты сауапты істен құр қалмады. Жұма уағызында бас имам Ә.Шалбай жиналған жамағатты сенбілікке арнайы шақырды. Сенбі күні сағат 9- дан бастап жамағат біреуі  тырмасымен, біреуі айырымен және біреуі күрегімен, бар ықылас ниеттерімен мешітке қарай келе бастады, тіпті қария Берік атамыз да келіп, еңбек етуге денсаулығым шыдамасада,  ниетіммен сендермен бірге болайыншы деп, жастарға өз ақыл кеңесін айтып отырды. Ардақты елші Мұхаммед с.ғ.с «тазалық иманның жартысы» деген хадисін ұран етіп жамағат тазалық жұмыстарына білек сыбана кірісіп та кетті.

Сенбілік барысында ағаштардың түптері оталып, мешіт ауласы толық тазаланып, мешіт ғимаратының сырты  жуылып, нұрлы болған Алла үйі одан әрі нұрлана түсті. Осындай тазалық жұмыстары бір күнмен шектелмей, күнделікті қадағалауда, ауылдық мешіттерде де  осындай игі шаралар қолға алуынуда. Ниетімізді іске асырта гөр Раббымыз!

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: